Қазақстан мен Норвегия сыртқы саяси ведомстволары арасында саяси консультациялардың төртінші отырысы өтті.

Қазақстан Республикасы Сырты істер министрінің орынбасары Роман Василенко Норвегия делегациясын қабылдап, саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-норвег ынтымақтастығын ілгерілетудің маңызын атап өтіп, Астана мен Осло арасындағы өзара тиімді диалогты нығайтуға бейілділігін растады.

Консультациялар барысында қазақ пен норвег дипломаттары екіжақты және көпжақты ықпалдастықты нығайтудың жолдарын саралап, халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру, парламентаралық диалогты нығайту және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-әрекетке ерекше назар аударылды.

Резиденциясы Ослода орналасқан Норвегияның Қазақстандағы Елшісі Джон Квистад екіжақты байланыстардың даму қарқынын оң бағалап, Қазақстан Норвегияның Орталық Азиядағы маңызды серіктесі екеніне сендірді. Оның пікірінше, Норвегия және Қазақстан көпжақты ынтымақтастық күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер бойынша ұқсас көзқарасты ұстанады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сыртқы саяси мекемелер арасындағы тығыз диалогты жалғастыруға келісті.

Анықтама: 2023 жылы екіжақты тауар айналымы 124 млн АҚШ долларына жетті (экспорт – 2,9 млн, импорт – 121 млн).

2005 бастап Норвегиядан тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі 1,6 млрд АҚШ долларын құрады.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *