Облыс әкімі инвесторларға ауыл шаруашылығымен бірге, индустрия, туризм бағыттары бойынша жаңа жобаларды қолға алуға шақырды. Өңірдегі өндірістік парктерде өндіріс орындарын ашу жолдарын түсіндіріп, егістікті әртараптандыру, ауқымын арттыру, жеміс сақтау қоймаларын салу секілді жаңа жобаларды бастауға шақырды. Сондай-ақ сублимация, яғни консервациялаудың ең жетілдірілген әдістерінің бірін дамытуды ұсынды. Бұл әдіс ешқандай химияны немесе консерванттарды қажет етпейді және қаптаманың түріне байланысты мұздатылған кептірілген өнімдерді ондаған жылдарға сақтауға болады.

–  Түркістанға қош келдіңіздер. Бүгінгі кездесуде өздеріңізді өңірімізде өзге де тың жобаларды бастауға шақырамыз. Біз бұл бағытта бірқатар ұсыныстар қоржынын құрдық. Ынтымақтастығымыз өзара тиімді болып, үлкен перспективаларға жол ашып, тұрақты түрде дами беретініне сенімдімін. Түркістан облысы инвестициялық байланыстарды тереңдетіп, жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын. Атқарып жатқан жұмыстармен бірге, өндірісті дамытуға, терең өңдеу, өндіріс орындарын ашуға қатысты бірқатар қосымша жобаларды ұсынғалы отырмыз. Біз өз тарапымыздан оларды жан-жақты қолдауға дайынбыз. Тұрғындарымызды жергілікті өніммен қамтып, жұмыс орындарын көптеп ашу – біздің басты мақсатымыз. Біз өз тарапымыздан өнімді сақтауды, қайта өңдеуді жүзеге асыра аламыз. Сіздердің сұраныстарыңызға сай өзіміздің шаруалар дайын өнімін ұсына алады. Ауыл шаруашылығы саласында көш бастап келетін біздің облыста осы саланы барынша дамытуға мүдделіміз. Біз үшін әрқайсыңыз біздің өңірге пайдасы бар өз бизнесін тапқаны маңызды. Өз тарапымыздан бұл бағыттағы барлық бастамаларға барынша қолдау көрсетуге дайынбыз, — деді Дархан Сатыбалды.

 

 

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *