– Мемлекет басшысының екі ел арасындағы серіктестікті жаңа деңгейге көтеріп, Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» мегажобасын толығымен қолдайтыны белгілі. Озық технология саласында зор табысқа жеткен аспан асты елінің мүмкіндіктерін әлем мойындап отыр. Біз үшін біздің берлескен жобаларымызды дамыту, жаңа жобаларды жүзеге асыру – өте маңызды. Ауыл шаруашылығы саласы Түркістан облысы экономикасының негізгі драйвері болып саналады. Осы саланы дамытуда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз. Жақында ғана облыс делегациясының ҚХР-ға іс сапары аясында  Шэньси, Хубэй, Хэнань провинцияларының губернаторларымен кездесіп, инвестиция тарту, тәжірибе алмасу және өзара қарым – қатынасты дамыту мәселелері талқыланып, екі жаққа тиімді жобаларды жүзеге асыруға келістік. Осы бағыттағы жұмыстарды бірлесе жүзеге асыруға шақырамын, — деді облыс әкімі.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы өнімі өткен жылы 2,3 млрд. АҚШ долларын құрады. Түркістан облысының мал шаруашылығы республикада жетекші орын алады. Мал шаруашылығы өнімі республика бойынша 11 пайыздық үлеспен 470 миллиард теңгеге жетті.

Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы достық, Ұлы Жібек жолы құрылғаннан бері дамып және өркендеп келе жатқан екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастың дамуына ықпал етеді. Қазақстан «Бір белдеу – бір жол» жобасының бірлескен бастамашысы және пилоттық аймағы болып табылады және ерекше әрі маңызды орын алады. Түркістан облысы ҚХР-дың өңірлерімен екіжақты өңіраралық қарым қатынасты нығайтуға қарқынды жұмыс жасап жатқаны белгілі.

 

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *