Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қытай Халық Республикасынан келген инвесторлармен кездесті. Басқосуда облыстағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Ауыл шаруашылығы өндірісіне заманауи технологияны енгізудің маңыздылығын ерекше атап өткен өңір басшысы осы бағытты дамыту бойынша бірқатар жобалалармен бөлісті. Тараптар агроөнеркәсіп саласында іскерлік қарым-қатынасты орнатуға ниетті.

Түркістан облысында жұмыс істеуге қызығушылық танытып отырған шетелдік компаниялар ауыл шаруашылығы, азық-түлік өндірісі секілді салаларды дамытуда бірлесе жұмыс жаусауға дайын. Жаңа зауыт, фабрикалардың іске қосылуы өңір халқының әл ауқатын жақсарта түспек. Ең бастысы – жаңа жұмыс орындары ашылады.

Бүгінде Қазақстан экономикасына тартылған инвестиция бойынша Қытай Халық Республикасы үздік 5 елдің қатарына кіреді. Таяуда ғана, облыс әкімі Дархан Сатыбалды бастаған облыс дегелациясы ҚХР-ға іссапармен барып, Түркістан облысы мен осы елдің бірқатар провинциясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Алдағы уақытта осы әріптестік негізінде тиісті жұмыстар атқарылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде іске асырылып жатқан барлық инвестициялық жобалардың бірыңғай пулы қалыптастырылған. Түркістан облысында қытайлық компаниялардың қатысуымен өңіраралық кооперацияны дамытудың әлеуеті жоғары. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды өңірдің негізгі инвестициялық алаңдары – индустриялық аймақтар және «Turkistan» арнайы экономикалық аймағы туралы айтып берді. Аталған алаңдар инвесторларға дайын инфрақұрылымы бар жер учаскелерін, сондай-ақ түрлі салықтық жеңілдіктерді ұсынады.  

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *