2025 жылы Қазақстанда жануарлардың көшпелі циркте өнер көрсетуіне тыйым салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Үкімет отырысынан соң өткен брифингте Экология министрі Ерлан Нысанбаев айтты. Жануарларға жауапты қарау туралы заңнамада жабайы жануарларды көрмеге қоюға, жылжымалы хайуанаттар парктеріне, жылжымалы океанариумдарға және тағы басқаларға толық тыйым салу қарастырылған. Бұл норма 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Сондықтан менің ойымша, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап осы жылжымалы цирктер, хайуанаттар парктері және тағы басқа қызметтері тоқтатылады, – деді министр.

Бұдан бөлек Экология министрі елімізге тағы жолбарыстар әкелінетінін айтқан еді. 

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *