Шымкент қаласында Таза Қазақстан республикалық акциясы жалғасын табуда. Жыл басынан бері шағын аудандар мен елді-мекендерде, тұрғын үй алқаптарында өткен жиын жыл соңына дейін жалғаспақ. Шалғай аудандарда ұйымдастырылған акцияға тұрғындар мен тазалық қызметкерлері қатысты.

Таза Қазақстан экологиялық акциясы аясында Қаратау ауданы бойынша жыл басынан бері тұрақты жұмыстар атқарылып келеді. Қоршаған ортаны таза ұстау,  тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасап, азаматтық жауапкершілікті арттыру  мақсатында ұйымдастырылған жиын, қыс ауасына қарамастан жүзеге асырылуда.

— Нұрсат шағынауданында «Қаратау» МКК мен «Жасыл жер» ЖШС мен аппарат қызметкерлерінің қатысуымен сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. «Таза Қазақстан» акциясы екі мәселені көздеп отыр. Біріншіден, тазарту. Екіншіден экологиялық мәдениетті тарату. Алғашқы уақытта тұрғындар арасында белсенділік байқалмады. Кейін өздерінің ынталарымен тазалық жұмыстарына қатысамын деген ниеттілер еселенді,-дейді Қаратау ауданы әкімінің орынбасары  Азамат Парманов.

Сенбілік барысында көшелер мен аулалар тазартылып, ирригациялық арықтар мен аяқжолдар, қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар, ауданда жыл басынан ай сайын тазалық акциясы және апта сайын тұрақты жалпы қалалық сенбілік ұйымдастырылуда. Сенбіліктерге жыл басынан бері 5000 -ға жуық аудан тұрғындары, 300 -ге жуық кәсіпкерлік нысан иелері, 100-ге жуық әлеуметтік білім нысандары мен 50-ге жуық емдеу мекемелері тұрақты қатысуда.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *