«Ресей темір жолдары» компаниясы ТМД елдерінің Теміржол көлігі кеңесінің отырысынан кейін Қазақстан мен Қырғызстаннан Мәскеуге жолаушылар тасымалын қайта қалпына келтіру мүмкіндігін зерттеп жатқанын хабарлады, деп хабарлайды ресейлік БАҚ.

«Ресей темір жолдары» басшысы Олег Белозеровтің мәлімдеуінше, Қазақстан мен Қырғызстаннан Мәскеуге жаңа кесте бойынша жолаушылар пойыздарының қозғалысын қалпына келтіру жайы талқыланып жатыр. Ол сондай-ақ «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің (ХКД) бағыттарына ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Шығыс бағыт басымдықтарын пайдалана отырып, Ресей, Иран, Қазақстан және Түрікменстан теміржолдары мұнда тұрақты контейнерлік қатынасты дамытып отыр.

Бұған дейін 2027 жылы Қазақстан Қытайға жаңа темір жол құрылысын аяқтайтыны хабарланған болатын.

Кірме теміржолдарды мемлекет меншігіне беру жұмыстары аяқталғаны туралы хабарладық.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *