Қазақстан, Әзербайжан және Қытай БҰҰ Климаттың өзгеруі бойынша Бакудегі 29-конференциясы аясында Баку портында жаңа интермодальды жүк терминалын салу бойынша бірлескен кәсіпорын құрды. Бұл туралы Kazinform-ның меншікті тілшісі хабарлайды.

Келісімге «Қазақстан темір жолы» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев, «Баку халықаралық теңіз сауда порты» ЖАҚ бас директоры Талех Зиядов және Сиань еркін сауда портының құрылысы және операциялық компаниясының бас директоры Юань Сяоцзюнь қол қойды.

Жоба аясында Алят ауылындағы Баку портында 40 гектар аумақта интермодальды жүк терминалының инфрақұрылымын құру және дамыту жоспарланды.

Бұл бастама Әзербайжан тарапының Алят портының жер телімі, пайдалану айлақтары мен терминал қондырғылары берілуінің арқасында мүмкін болды. Жоба Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы Қытай – Еуропа — Қытай бағытында контейнерлік пойыздардың көлемін ұлғайтуға, жеткізу уақытын қысқартуға, тасымалдау шығындарын және қайта тиеу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Баку халықаралық теңіз сауда порты аумағында жаңа интермодальды жүк терминалының құрылысын 2025 жылы аяқтау жоспарланып отырғаны айтылды.

Бұған дейін ҚазАқпарат Грузия заманауи «Құрғақ порт» интермодальды логистикалық орталығын ашуды жоспарлап отырғанын жазған болатын.

Сондай-ақ бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік климат саммитіне қатысу үшін Бакудегі олимпиадалық стадионға барды. Сосын Мемлекет басшысы Бакудегі Дүниежүзілік климат саммитінде сөз сөйледі.

 

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *