2024 жылғы 14 қарашада ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың жетекшілігімен қытайлық «Xinjiang Lihua (Group) Co., Ltd.» (Синцзянь Лихуа Групп) компаниясымен Түркістан облысында мақта-тоқыма кластерін құру жобасын жүзеге асыру туралы кездесу өтті.

Xinjiang Lihua (Group) Co. мақта өсіру және оны озық өңдеу саласындағы Қытайдағы ең ірі компаниялардың бірі. Кәсіпорын мақта-матадан жіп пен маталар, дайын тоқыма бұйымдары сияқты жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығаруға маманданған.

Жиынға Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, сондай-ақ қытайлық «K&K 86 LTD» компаниясының басшысы Сюй Цзе қатысты.

Бірлескен жоба Түркістан облысындағы «TURAN» АЭА-да мақта-тоқыма кластерін құруды көздейді.

Жоба 2 кезеңде жүзеге асырылады деп күтілуде және келесі нысандардың құрылысын қамтиды: ПВХ құбырларын шығаратын зауыт; тамшылатып суару жүйелерін шығаратын зауыт; мақта өңдейтін 2 зауыт; иіру фабрикасы; зығыр мата өндіру бойынша тоқыма фабрикасы; бояу және өңдеу зауыты; тігін фабрикасы

Жобаның жалпы құны 180 млрд теңгені құрайды, толық іске асырылған кезде 4 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.

Бүгінгі күні тамшылатып суару жүйесі орнатылып, 1120 га алқапқа егіс жұмыстары жүргізілді. Мақта өнімділігі 55 ц/га құрады. Иіру фабрикасының құрылысы басталды.

Министр бұл жобаны жүзеге асырудың Қазақстанның жеңіл өнеркәсібін дамытудағы маңыздылығын және оны қолдауға жан-жақты көмек көрсету қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *