Арыс қалалық мәдениет үйінде 44859 әскери бөлімінің инженерлік-саперлік батальонының құрылғанына бес жыл толуына және 2024 жылғы оқ-дәрілерді залалсыздандыру бойынша жұмыстардың қорытындыларына арналған мерекелік жиналыс өтті. Бұл іс-шара әскери қызметшілерді, ардагерлерді және қала тұрғындарын басын біріктіріп, күнделікті қауіпті қауіпсіздік тапсырмаларын орындайтындарға қолдау мен ризашылықтарын білдіруге мүмкіндік берді.
Мерекенің басты сәттерінің бірі әскери қызметшілерді марапаттау болды. ҚР Қарулы күштері инженерлік әскерлер департаментінің бастығы, полковник Руслан Жансейітов бірқатар әскери қызметшілерге өз жұмыстары үшін ерекше құрметке лайық екенін атап өтті маратап қағаздарын табыстады.
— Бүгін біз оқ-дәрілерді залалсыздандырудағы жетістіктерді ғана емес, сонымен қатар саперлеріміздің ерлігі мен адалдығын да құрметтейміз, — деп атап өтті ол.
Бірнеше әскери қызметшілер Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант С.Камалетдиновтан алғыс хаттар, сондай-ақ «Минасыздандырудағы ерлігі үшін» төсбелгілерін алды. Бұл марапаттар саперлер жасаған жұмыстың маңыздылығы мен күрделілігін мойындаудың символына айналды.
Қала әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов та құттықтау сөз сөйледі. Ол инженерлік-саперлік батальонның бес жылдық мерейтойы айтулы күн ғана емес, сонымен қатар осы жылдар ішінде қол жеткізілген жетістіктер үшін мақтаныш сезімін тудыратынын атап өтіп, бірқатар әскери қызметшілерге қала әкімінің атынан алғыс хаттармен марапаттады.
— Біздің іс-шарамыздың мақсаты – өскелең ұрпақты саперлердің ерлігімен таныстыру және ел қорғаушыларын өз қызметін мақтан тұтуға шақыру, — деп толықтырды Сұлтанов.
Іс-шараның ресми бөлімінен кейін концерттік бағдарлама өтті, ол мерекенің ерекше атмосферасын қосты. Қалалық мәдениет үйінің әртістері мен әскери бөлімнің дарынды әскери қызметшілері жиналғандарды шабыттандырып, мерекелік көңіл-күй сыйлаған патриоттық әндерді орындады. Қошеметке бөленген мерекелік кеш, әрбір қатысушыны өз елі мен оның қорғаушылары үшін мақтаныш сезімін оята алды.