Түркістан қаласында «TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2024» халықаралық инвестициялық форумы өтуде. Маңызды шарада салалық тақырыптар бойынша панельдік сессиялар ұйымдастырылды. Форумға қатысушы ҚХР және еліміздің  бизнес сапаршылары мен көшбасшылары өздерін қызықтырған сала бойынша сессияларға қатысып, тәжірибе бөлісті. Өзара пікір алмасып, ұсыныстарын жеткізді.

«Цифрлық трансформациялар» тақырыбында өткен панельдік сессияда қатысушылар Түркістан облысының цифрлық дамуы туралы өз ойларын ортаға салды. Отырысты «Techno Woman» коммерциялық емес ұйымының басқарма төрайымы Азиза Шужеева жүргізіп отырды.

Кездесуде алғысөз алған Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов форумға қатысушыларға алғысын жеткізіп, өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды. Жаңа идеялар мен бастамалар Түркістан қаласын инновациялық дамыған қала ретінде қалыптастыруына елеулі үлес қосатынына сенім білдірді. Өңірде цифрландыру саласын дамыту үшін инвестициялық алаңдарда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

Сессия барысында «Hikvision» компаниясының директорының орынбасары Тимон Ма, «Hikvision» компаниясының «Қауіпсіз қала» бағытының басшысы Құмбасов Алмас, «Intelligent flight technology» компаниясының Басқарма төрайымы Данся Сю, «Hainan business» компаниясының Басқарма төрағасы Цай Тунсин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитеті төрағасының орынбасары Надир Құрымбаев,«Astana Hub» компаниясының бас директорының кеңесшісі Данабек Қалиаждаров, Өзбекстан Республикасындағы «School 21» мектебінің бас директоры Зарина Лухманова, «Alaqan technologies» компаниясының басқарушы директоры Аслан Төлегенов өз тәжірибелерімен бөлісті. Облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков өңірде бастау алған «Alaqan» жобасының тиімділігі туралы айтты. Екі елдің бизнес және жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдері екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға серпін беретін перспективалы жобаларды талқылады.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *