Бұл шешім жолаушылардың қауіпсіздігін арттыруға және көлік жүргізушілерінің назарын жол қозғалысына толық аударуға бағытталған маңызды қадам болып отыр.

2024 жылдан бастап Шымкент қаласының қоғамдық көліктерінде қолма-қол төлем қабылдау жүйесі толығымен жойылып, тек электронды төлем түрлері ғана қолданылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «2024 жылдың 9 айында жолаушылар тасымалы саласында атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтіп, Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ибрагимов Ролан Бекмағамбетұлы, «Smart mobility» ЖШС директоры Камидоллин Жомарт Ерболатұлы және Баймаханбет көлік саласының сарапшысы Байболат Досалыұлы өздері тиісті салалар бойынша БАҚ өкілдеріне баяндады. Спикерлердің сөзінше, бұл шешім жолаушылардың қауіпсіздігін арттыруға және көлік жүргізушілерінің назарын жол қозғалысына толық аударуға бағытталған маңызды қадам. Қазіргі таңда жолаушылардың көпшілігі қоғамдық көлікте жол ақысын қолма-қол төлеуге мәжбүр болып жатады. Бұл, өз кезегінде, жүргізушілердің көлікті басқару кезінде ақша жинаумен айналысуына себеп болып, олардың назарын бөледі. Осының нәтижесінде жүргізушілер тек көлікті жүргізіп қана қоймай, қолма-қол ақшаны қадағалаумен айналысады, бұл жағдай кейде жол қозғалысының басқа қатысушыларына да қауіп төндіруі мүмкін.

Сонымен қатар, қолма-қол төлемдерді талап ету жолаушылар мен жүргізушілер арасында жанжал туғызатын жағдайлар аз емес. 2024 жылдың алғашқы 9 айында Шымкенттегі қоғамдық көлікке қатысты «І-Көмек» орталығына және қала әкімінің ресми парақшасына 12 мыңнан астам шағым түскен. Оның ішінде жүргізушілерге қатысты 6 мыңнан аса шағым тіркелген, олардың басым көпшілігі — 3 351 шағым — жолаушылардың қолма-қол төлем жасауға мәжбүрлеуіне байланысты болған.

 

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *