Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Таиландтың Қазақстандағы Елшісі Чатчаван Сакорнсинді қабылдады.
Кездесу барысында сұхбаттастар Астана мен Бангкок арасындағы екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Ә. Бақаев Таиланд Қазақстанның Оңтүстік Шығыс Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі екенін баса айтты.
Сұхбат соңында тай елшісі елімізде болған кезеңде оның қызметіне көрсетілген қолдау үшін қазақ тарапына өз алғысын білдірді.
Анықтама: 2024 жылғы қаңтар-шілде айларында Қазақстан мен Таиланд арасында тауар айналымы 137,5 млн АҚШ долларын құрады. 2023 жылы екіжақты сауда 36%-ға өсіп, 367 млн долларға дейін жетті.