Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініңорынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясының Жалпы саяси дебаттарында сөз сөйледі.
Өз сөзінде М. Нұртілеу ағымдағы отырыс жаһандық қауіпсіздік жүйесі күйреуалдында тұрған сыни сәтте өтіп жатқанын атап өтті. «Ондаған елдер қақтығыстар ментұрақсыздыққа ұшырап, мыңдаған адамның өмірін қиды, ал бүкіл континенттер климаттықдағдарыстан зардап шегуде», – деді ол.
ҚР СІМ басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының алдыңғы сессиясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Бейбітшілік пен келісім үшін әлемдік бірлік»бастамасын іске асыру қажеттігін еске салды. Ол жаһандық мәселелерді шешуге ортадержавалардың белсенді қатысуына шақырды: «Орта державалар мен дамушы елдердіңдауыстары келіспеушіліктерді еңсеру және тұрақты халықаралық қауіпсіздікархитектурасын құру үшін маңызды».
Қазақ дипломаты өз сөзінде ядролық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назараударды. «Ядролық қатерлер риторикасының күшеюі ядролық қаруды таратпау туралышартты және барлық ядролық державалардың ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартты қатаң сақтауды талап етеді», — деп атап өтті Министр.
Климаттық сын-қатерлер туралы айта отырып, М. Нұртілеу дамыған елдер менхалықаралық қаржы институттарын Париж келісімінің ережелеріне сәйкес табысы төменжәне орташа елдерге жасыл технологиялар мен жеңілдікті қаржыландыруды ұсынуғажәрдемдесуге шақырды.
Министрдің айтуынша, Қазақстан 2026 жылы Өңірлік климаттық саммит өткізудіжоспарлап, өз үлесін қосуға ниетті.