Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко атом электр станциясының құрылысы мәселесі бойынша алдағы республикалық референдумға дайындалуына арналған Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) халықаралық байқаушылар миссиясының мүшелерімен кездесу өткізді.

ҚР СІМ басшысының орынбасары Қазақстанда соңғы жылдары жүргізілген саяси реформалардың маңыздылығын атап өтіп, атом электр станциясының құрылысы мәселесі бойынша алдағы референдум еліміздің негізгі шешімдер қабылдау үдерісіне азаматтардың белсенді қатысуына бағытталған маңызды қадам екенін және бұл «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттарын ұстануға негізделгенін айтты.

ТМҰ байқаушыларына Қазақстанның сайлау жүйесіндегі реформалар туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, әйелдерге, жастарға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған квоталардың енгізілуі, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлау, саяси партиялардың сайлау шегін төмендету және «барлығына қарсы» дауыс беру мүмкіндігі туралы хабардар етілді.

Кездесуді қорытындылай келе, Р.Василенко ТМҰ миссиясының мүшелеріне атқарып жатқан маңызды жұмыстары үшін алғыс білдіріп, олардың тәуелсіз бағалауы мен референдум барысын бақылауы оның ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Ол ТМҰ миссиясына табыс тілеп, Ұйыммен одан әрі ынтымақтастықты нығайтуға үміт білдіріп, мықты әрі біртұтас болашақты бірге құруға ниеттестік танытты.

 

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *