Мақта саласындағы негізгі түйіткілді мәселе баға тұрақсыздығы. Себебі елімізде бәсекеге қабілетті тоқыма және тігін өнеркәсібі дамымағандықтан, шитті мақтаны сату бағасы экспорт нарығына тәуелді болып отыр. Елімізде мақта талшығын терең өңдеу бойынша тек 3 кәсіпорын бар, олардың үлесінде мақта талшығының қайта өңделген көлемі 18% — дан аспайды.

Осыған орай облыста 2023 жылы «Мақта шаруашылығын дамытудың және мақта-тоқыма кластерін қолдаудың 2027 жылға дейінгі өңірлік жол картасы» бекітілді. Оған сәйкес 4 бағыта,  егістікті әртараптандыру, тұқыммен қамтамасыз ету, жаңа технологияларды енгізу, мақта кластерін құру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіледі.

Жол картасына сәйкес, 2027 жылға дейін 9 мақта кластерін құру көзделуде. Нәтижесінде мақта бағасына алдағы жылдары тәуелділік жойылатын болады. Осы мақсатта 2023 жылы Мақтаарал ауданында “Cotton Мақта” ЖШС мақта өңдеу зауыты жобасы жүзеге асырылды. Жобаның құны 3 млрд. теңге, жылдық қуаттылығы 60,0 мың тонна мақта талшығын шығару. Зауытта 80 адам жұмыспен қамтамасыз етілген.

Өткен жылы мақта өңдеу зауыты 40,0 мың тонна шитті мақтаны қабылдады. Зауытты заманауи қытайлық технологиямен жарақтандырудың нәтижесінде, күніне 600-650 тонна шитті мақтаны өңдеуге мүмкіндік берді.

Бұдан бөлек, облыста бүгінгі күнге, ҚХР, Өзбекстан инвесторларының қатысуымен 223,5 млрд. теңгені құрайтын 2 инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Мақтаарал ауданында «Global Textile Solution» ЖШС-нің құны 21 млрд. теңге құрайтын «Мақта-тоқыма кешені және логистикалық хаб құру» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жоба негізінде 2000 жаңа жұмыс орындары ашылады. Жобаның қуаттылығы – 160 мың тонна. Жоба 2026 – 2027 ж.ж. толық циклде іске қосылады.

Сондай-ақ Жетісай ауданында құны 7,6 млрд. теңгені құрайтын жылына 7500 тонна иірілген жіп фабрикасын салу бойынша «TST JETISAY TEXTILE» ЖШС-нің жобасы жүзеге асуда. Кәсіпорында 200 жаңа жұмыс орны құрылады.

 

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *