Кредитті қалай алуға болады
Кредиттік өтінішті қарастыру үшін келесілер қажет:
- Жеке басын куәландыратын құжат;
- Заемшының/ қосалқы заемшының неке куәлігінің көшірмесі (егер заемшы/ қосалқы заемшы некеде болса);
- Кепілге қойылатын жылжымайтын мүліктің құқық белгілеуші құжаттары.
- Жылжымайтын мүлігі жоқтығы (болуы) туралы анықтама;
- Бағдарлама бойынша заем алу үшін заемшының және қосалқы заемшының (бар болса) еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен түсетін табысы болуы тиіс, бұл келесі құжаттардың бірімен расталады:
— жалдамалы жұмыскерлерге қатысты — бірыңғай зейнетақы жинақтау қорының жеке зейнетақы шоты бойынша соңғы алты айдағы үзінді көшірмесі арқылы;
— әскери қызметкерлер мен зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған тұлғаларға қатысты — жұмыс орнынан соңғы алты айдағы табысы туралы анықтама және жалақы түсетін шот бойынша банк берген үзінді көшірме арқылы;
— жеке кәсіпкерлерге қатысты — жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша соңғы 2 жылдағы, салық органының қолы қойылған және мөрі басылған салық декларациясы. Декларацияда қарастырылған шығындарды алып тастағандағы декларацияланатын жиынтық табыс 24-ке бөлінеді.
Кредиттің артықшылықтары
Кредиттің артықшылықтары
- Заемды ұйымдастыру үшін комиссия жоқ
- Заемды беру үшін комиссия жоқ
- Ұсынылған заемды өзгерту/ сүйемелдеу үшін комиссия жоқ
Медиаон ақпарат