Жаңа құрылған облыс ретінде күллі Қазақстан қас қақпай қарап отырған Түркістан аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуы кім үшін болса да маңызды екені түсінікті. Әсіресе, Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласын дамыту, заманға сай өркендету жоспарлары – қаланы үлкен құрылыс алаңына айналдырып отыр. Қазір облыстың әкімшілік-іскерлік орталығында 17 нысан салынуда. Түркістан қаласын дамытудың 2019-2020 жылдарға арналға қаланы дамытудың кешенді жоспары мен дамуы сөз болды. Қала ғана емес, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2004 жылға дейінгі кешенді жоба-жаспарлар да айтылды. Премьер-министр Мамин осыған байланысты бірнеше тапсырмалар берілгенін айтады: «Қазіргі таңда Түркістан қаласы үлкен құрылыс алаңына айналып отыр. Бүгін бірнеше құрылыс нысандарында болып, атқарылып жатқан жұмыстармен таныстым, тиісті тапсырмалар берілді» Жалпы, облыс орталығында әсіресе облыс әкімдігінің ғимараты, басқармалар, департаменттер ғимараты, конгресс орталығы, Оқушылар сарайы, Халыққа қызмет көрсету орталығы сияқты, негізінен әкімшілік ғимараттарды түгендеп алу маңызды саналады. Тағы бір айта кетерлігі бұл орталықтардың көбін арнайы акция аясында өзге облыстар мен қалалар және ұлттық компаниялар жаңа облысқа көмек ретінде салып беруде. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев оны атап тұрып айтты. Түркістан қаласын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде арнайы баяндама жасаған әкім 29 нысанның өзге облыстар мен ұлттық компаниялардың, бизнес өкілдерінің есебінен жүретінін айтты.

«Қазіргі таңда әкімшілік-іскерлік орталығында 17 нысан салынуда. Оның ішінде 10 нысанда құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Атап айтқанда, BI Group салып жатқан облыс әкімдігінің ғимараты, басқармалар ғимараты, департаменттер ғимараты,конгресс орталығы (Самұрық-Қазына), медиа орталығы (Алматы қаласы), Оқушылар сарайы (Самұрық-Қазына), стадион (Самұрық-Қазына), Астана алаңы (Астана қаласы), Халыққа қызмет көрсету орталығы (Павлодар облысы), қалалық саябақ (Алматы, Ақмола, Қарағанды облыстары). Тұрғын үй құрылысы бойынша әкімшілік-іскерлік орталығында жалпы 2351 пәтер, 135,6 мың шаршы метр, 52 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 660 пәтер маусым айында пайдалануға беріледі. 7-20-25 бағдарламасы аясында тамыз айында 336 пәтер пайдалануға беріледі. 540 пәтер желтоқсан айында, ал жеке инвесторлар арқылы 815 пәтердің құрылысы жүргізілуде», — дейді әкім Шөкеев.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.