«7-20-25» бағдарламасы аздап тартымды коммерциялық ипотекалық өнімдердің өңінде ғана өте тартымды көрінеді. Ол жоғарыда қарастырған бірқатар себептерге байланысты тұрғындарды баспанамен қамтамасыз етудегі жағдайды түбегейлі өзгерте алмайды. Ол басында күтілгендей, өте аз деңгейде расымен де әлеуметтік болып саналады. Бағдарлама барынша маңыздырақ болуы үшін бірнеше айқын нәрселерге назар аударған жөн.

Бағдарламаның мақсатты аудиториясын нақты анықтау қажет. Егер мақсатты аудитория халықтың әлеуметтік осал топтары болса, онда бағдарлама барынша бағытталған, барынша жекеленген, кедей отбасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеретін болуы керек.

Бағдарламаның көлемін екінші реттік баспанаға дейін кеңейту ыңғайлы болар еді. Екінші деңгейлі түрғын үй нарығы кеңірек, бағасы жағынан әртүрлі. Бұл нұсқа табысы төмен қазақстандықтар үшін пайдалы болуы мүмкін. Сол операторда жұмыс істейтін «Баспана-Хит» бағдарламасы шарттарымен ерекшеленеді және коммерциялық болып табылады, әлеуетті қарыз алушылар үшін қолжетімді емес.

Мемлекет өзін-өзі жұмыспен қамтитын қазақстандықтардың кірістерін растай алатын жағдайда бағдарламаға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.

Жеке отбасыларға тұрғын үй жоқ кезде баспана сатып алуға ғана емес, сонымен бірге олардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға мүмкіндік беру керек. Мәселен, егер үлкен отбасы бір-екі бөлмелі пәтерде тұрса, онда бағдарлама есебінен тұрғын үйді ұлғайтуға мүмкіндік беру. Ол үшін жылжымайтын мүлікті ұсынуға қажетті крийтерилер қатары мен керекті құжаттарды әзірлеу.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.