Жалпы, Кентау қаласында тұрғын үй салу жұмысы енді ғана екпінді жүріп жатыр деуге болады.  60 пәтерлі жалғыз тұрғын үй беріліпті. Содан араға екі жыл салып, үшінші жылы ғана екі тұрғын үй берілген. Биылғы, келер жылғы көрсеткіштерді негізге алсақ, кезекте тұрған қала тұрғындарының үймен қамтылуы алдағы уақытта талапқа сай шешіледі деп күтуге болады. Бұл пәтерлердің басым көпшілігі «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқанын да айта кету керек. Оның ішінде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «7-20-25» бағдарламасы арқылы пәтер беру де қарастырылған.

Күні кеше Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Тұрғын үй құрылысы бойынша әкімшілік-іскерлік орталығында жалпы 2351 пәтер, 135,6 мың шаршы метр, 52 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 660 пәтер маусым айында пайдалануға беріледі. 7-20-25 бағдарламасы аясында тамыз айында 336 пәтер пайдалануға беріледі. 540 пәтер желтоқсан айында, ал жеке инвесторлар арқылы 815 пәтер құрылысы жүргізіліп жатқанын» айтқан болатын.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.