– «7-20-25» бағдарламасы бойынша несие алуға 29 756 өтінім қабылданды, деп хабарлайды Медиаон Ақпарат ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы жағдай бойынша несие алуға 338,81 млрд теңге сомасына 29 756 өтінім қабылданды. Нәтижесінде 200,20 млрд теңге сомасына қарыз беруге 17 430 өтінім мақұлданды»,– деп хабарлады Ұлттық банк. Еске салайық, «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйді тұрақты кірісі бар және өтініш беру кезінде жеке баспанасы жоқ Қазақстан азаматы ғана ала алады. Бағдарлама бойынша сыйақы мөлшері жылына — 7%. Ипотекалық несие бойынша бастапқы жарна — 20% бастап. Несие мерзімі — 25 жыл. « 2020 жылғы жағдай бойынша қарыз алуға 345,85 млрд теңге сомасына 30 324 өтінім қабылданды. Нәтижесінде 203,08 млрд теңге сомасына қарыз беруге 17 666 өтінім мақұлданды», — делінген хабарламада.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.