Түркістан облысында аталмыш бағдарлама өз жоспарына сәйкес жұмыс істеуде. Ескеретіні 3 жыл көлемінде қомақты қаражат жинау кез-келгеннің қолынан келмейді. Сондықтан табысы мардымсыз қарасы қалың көпшілік ұзақ уақытқа жоғары пайызбен несие алуды артық санайды. Шарттары шұбалаң, талаптары тастай бағдарламалардың ішінде ақылға қонымдысы «7-20-25» бағдарламасы. Яғни, алғашқы жарна ретінде үйдің 20 пайызын төлеп, 7 пайызбен 25 жылға баспана алуға мүмкіндік туды. Бұл бағдарлама 2018 жылдың 4 шілдесінен бастап іске қосылды. Соңғы мәлімет бойынша «7-20-25» бағдарламасына қатысу үшін банктер 29 904 өтініш қабылдап, оның ішінен 175,3 млрд теңгеге 14 824 несие берілгені анықталып отыр. Осы ретте, 10007 несие банктер тарапынан мақұлданбаған. Берілген несиелер бойынша Нұр-Сұлтан қаласында 63,4 млрд теңгеге 4514 несие берілсе, Алматы қаласында 42,5 млрд теңгеге 3135 несие берілді. Сонымен қатар Ақтөбеде 7,4 млрд теңгеге 856 несие мақұлданды. Бұған дейін аталған бағдарлама тек жаңадан салынған баспаналарға арналғаны айтылған болатын. Баспана қоры басшылығы тарапынан өңірлерде жаңа үйлердің жетіспейтіні талай рет түйіткілді мәселе ретінде жарияланып та, айтылып та келді. Тіпті, Түркістан облысында жаңа үйлер енді салынып жатқандықтан әлі бір де бір несие берілмегені белгілі болып отыр. Тек «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы салынып біткен үйлер жалға беру бағдарламасы арқылы қызметі ауысқандарға үлестіріледі екен. Ең төменгі көрсеткіштің бірі — Қызылорда облысына тиесілі. Яғни бүгінгі күнге дейін 1 млрд теңгеге 122 несие беріліп отыр. Кейбір өңірлерде көрсеткіштің төмен болуы бастапқы тұрғын үйдің жетіспеушілігінде екенін «7-20-25» бағдарламасының басшылығы да жасырмайды.
Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.