Елбасымыз  Н.Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасының» жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелерінің Түркістан қаласына жасаған сапары барысында үйлердің құрылыстарымен танысты. Қалалық құрылыс басқармасының бастығы Әбілсейіт Рабаевтың айтуынша, қазіргі уақытта «7-20-25» бағдарламаларын іске асыруға сегіз үй кешенінің 136 пәтері дайын, ал екінші жарты жылдықтың соңына дейін 275 пәтер пайдалануға беріледі. Олардың көбі 2-3 бөлмелі пәтерлер. Сонымен бірге, Ұлттық Банктің деректері бойынша, тамыз айының ортасында Шымкент  қаласында  662,6 млн теңгеге тұрғын үй заемдарын алуға 77 өтініш келіп түсті. «Елбасының  бірінші бастамасының аясында әзірленген «7-20-25» бағдарламасы әр отбасына үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Жергілікті әкімдіктер, жауапты мемлекеттік органдар осы бағдарлама бойынша жұмысты күшейтуі керек», – деді қоғамдық кеңестің мүшесі, ҚР Мәжіліс депутаты Азат Перуашев.   Айта кету керек, Қоғамдық кеңес мүшелері одан бөлек қаладағы  «7-20-25» бағдарлама бойынша бірегей ақпараттық орталығына және жылыжаймен айналысатын «СыдықовТ.К.» кәсіпорнын  аралады.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.