«Bi — Group» компаниясы жүргізетін құрылыстарға қажет материалдардың 70%-і жергілікті кәсіпорындардан алынады.

Spread the love

Сол кездегі мемлекет басшысы Н.Назарбаев тарапынан Астананы Ақмолаға көшіру туралы әңгіме қозғалғанда, экономикамыз шатқаяқтап, халықтың әл-ауқаты көтерілмеген қиын кезде Астананың көшірудің орасан шығынын ойлап қарсы болдық. 

«Тәуекел түбі жел қайық, өтесің де кетесің» деген. Қаншама қарсылықтарға қарамастан, Арқаның төсіне ғажап қала орнады. Еліміздің орысы көп Солтүстігіне қазақтың айбыны — Астана қаласының салынуына қарсы болғандар — біздер қазір қала келбетіне қарап қуанамыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың атын Нұр-Сұлтан деп атауға шешім қабылдағанда, мемлекеттің сол кездегі қиын ахуалына қарамастан тәуекелмен іс бастаған Елбасы Н.Назарбаевтың сол қадамы ерлік болғанын мойындап, қол көтердік. 

Осы мақаланы жазуға не түрткі болды дейсіз бе? Салынғанына 42 жылдан асқан, қадірменді Өмір Шыныбекұлы ағамыз айтпақшы, «физикалық моральдық тұрғыдан тозған» ипподромның орнына «Bi — Group» компаниясы — инвесторлар ұсынған көпқабатты үй салу жобасы қоғамдық резонанс туғызуда. Қала келешегі үшін зор маңызы бар осы инвестицияны тартуда айтарлықтай еңбек сіңірген Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновке «кет, кет » — деп жатқандар қаншама. 

Мәселеге 200 000 000 000 теңге инвестицияның Қазақстанның үшінші мегаполисі статусы бар Шымкент қаласының экономикасына, ішкі өнім көлемі мен қала бюджеті кірістерінің артуына тигізетін оң ықпалы тұрғысынан келсек «Bi — Group» компаниясы ұсынған жоба шаһардың экономикалық дамуын тағы бір үлкен белеске көтеріп тастамақ.  

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Шымкент қаласында заманауй стандарттармен салынған сапалы тұрғынүй нысандарының 80%-ы құрылыс аяқталғанға дейін сатылып кеткен. Бұл дегеніміз, өңірде сапалы нысандарға деген сұраныс та, тұрғындарының төлем қабілеті де жоғары деген сөз. Жоғары сұранысқа сай көлемде дүниелерді, сол өңірде ұсынып отыру — сол өңірдің қаржысын өз өңірінде ұстап қалуға үлкен мүмкіндік береді. Әрі, қосымша өзге өңірлердің де қаржыларының Шымкент қаласына құйылуына, кәсіпкерліктің қарқынды дамуына да әсер етеді. Сәйкесінше Шымкент қаласы кәсіпкерлерінің өнімдеріне деген сұраныс молаяды.

Пандемия кезінде жұмыссыз қалғандар саны қалада 9067 адамнан 12117-ге жетті. Халықтың 60%-ке жуығы жұмыстан айырылып, яғни еңбекке жарамды 506 000 адам болса, соның 295 000-ы мемлекеттік жәрдемақыға — 42500 теңгеге қарап қалды. Ал, аталған компания ұсынған жоба қолға алынса 2021-2026 жылдары құрылыс жұмыстарына 6000 адам тартылып, алғашқы үйлер пайдалануға берілетін 2022 жылдан бастап құрылыс, білім беру, қызмет көрсету, көңіл көтеру секторларында 2500 адам тұрақты жұмыс істейтін болады. 

   «Bi — Group» компаниясы жүргізетін құрылыстарға қажет материалдардың 70%-і жергілікті кәсіпорындардан алынады. Бұл дегеніңіз, Шымкент қаласы кәсіпорындарының тынысын ашады, жұмыс көлемі артады бюджетке түсім көбейеді дегенді білдіреді. 

Қазіргі ипподромның 1,5 га аумағында ғана ағаш өсіп тұр, ал жаңа кешен жобасында экологиялық қауіпсіздікті сақтау үшін өсірілетін орман көлемі 20 га -ға көбейеді деп көрсетілген.     

2019 жылы Шымкент қаласында мемлекет салған 2094, жеке меншік компаниялар салған 1114 пәтер, барлығы 3208 пәтер пайдалануға берілсе, құрылысын «Bi — Group» компаниясы жүргізетін «Grand Park/Atamura» кешендерінде жоғарыда аталған цифрдан 92%-ке көп 6151 пәтер пайдалануға берілмек. 

Қалап алған киім де сәннен қалады, мініп жүрген көлігің де тозады, салған үйіңізде еңсесі түсіп ескіреді. Ал, салынғанына 40 жылдан асқан заман талабына, тіпті ипподром — атшабар қандай болу керектігі туралы талапқа да жауап бермейтін ипподромның орнына тұрғын үй салуға қарсылық білдірушілердің ойында не бар, артында кімдер тұр? «Шымкент үлкен ауыл сияқты» деп жүргендер шаһарымыздың әлемдік стандартқа сай қала боламын деген талабына неге қарсы болады? 

Бұзылған қораларымен, қураған ағаштарымен, айналасы тола күл-қоқысымен құлазып, жүдеп, күйі кетіп тұрған қазіргі ипподромның орнына «Bi — Group» компаниясы өз есебінен «Бозарықтан» 2 000 000 000 теңгеге жаңа ипподром атшабар салып бермек. Компания жасаған жаңа ипподромның жобасымен танысқанда көңілің көтеріледі. Аттар тұратын қоралардың, көрермендер трибунасының, автоматты жуындыру орындарының, манеждердің, көрмелер мен жәрмеңкелер өтетін алаңдардың жобасымен танысқанда еріксіз сүйсінесің. Қаламызда осындай әлемдік стандартқа сай салынатын ипподромның болуы кез-келген шымкенттікке мақтаныш емес пе!  

Қоғам қайраткері Шалатай Мырзаахметов ағамыз бұл мәселеге құрылысшы көзімен қарап, ойын нақты мысалдармен жеткізеді: «1979 жылы салынған ипподромды қала сыртына шығару қажеттігі туғанына қаншама жылдың жүзі өтті. Жаңа ипподром салу үшін 2018 жылдары «Бозарық» жақтан қыр басынан жер бөлінген. Бірақ, қаржыландыруға үкіметтің шамасы келмеді, инвестор табылмады. Міне, зорға дегенде инвестор табылып еді, «ипподромға тиме» деп шықтық. Қазіргі ипподромның әлемдік түгілі жай талапқа сай еместігі көрініп тұрған ақиқат қой. Күтімсіздіктен тозып бара жатқаны өз алдына, тіпті жөні түзу көрермендер трибунасы жоқ. Күнге қаратып салынған трибунада көрермендер шақырайған күннің астында, қар мен жаңбырда бір-бірін ықтап, паналап ат ойындарын тамашалайды. Ипподромның осындай мүшкіл жағдайына қарамастан ары тарт, бері тарт сөз көбейуде. «Болар баланың белін бу да, жауға қой» — дейді қазақ. Шымкенттіктердің үйлі болуына үлес қосамыз, салқын самал қыр басына әлемдік стандартқа сай жаңа ипподром салып береміз деген «Bi — Group» компаниясы сияқты ірі инвесторларға қарсылық білдірушілерді мен көз алдындағыдан басқа алысты көре алмайтындар деп есептеймін»- дейді Мырзаахметов ағамыз. 

Ал тарихшы, өлкетанушы, қоғам белсендісі Өмір Шыныбекұлы ағамыз: «Ежелгі өзеннің арнасына орналасқан ипподром теңіз деңгейінен шамамен 485 метр төменде жатыр. Өзен аңғары теңіз деңгейінен 525 метрдей, яғни ипподром орналасқан жерден 40 метрдей биіктікте тұр. Шымкентке екі бағыттан келетін жел көлбеу соғады да, жылқылардың тезегі мен терінің иісі, күн суытқанда жеке үйлер жағатын отыннан шығатын түтін дәл осы қазан шұңқырға  — ипподром аумағына жиналады. Бұл аттарға да, адамға да зиян. Егер санитарлық эпидемиологиялық талаптарымыз евростандартқа көшсе қазіргі иподромдағы санитарлық жағдай ешқандай талапқа жауап бере алмайды. Сондықтан, ипподромды көшіру керектігі кезек күттірмейтін мәселе, заман талабы. Еліміздегі аса ірі «Bi — Group» құрылыс компаниясы ипподромды үйлер салу үшін сұраса беру керек. Келіп тұрған инвестициядан айырылып қалу аса үлкен қателік болады. Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан Өзбекстанның бұл компанияға ықыласы ерекше. Келіп тұрған жақсылықты қайтарып жатсақ, ол біздің сауатсыздығымыз болмақ. Өзбекстанға бармай өз еліме болсын деп тұрған «Bi — Group» компаниясы жұмыссыз қалмайды» — дейді. 

Ипподром орнына «Bi — Group»  компаниясы жобалаған көпқабатты үйлер құрылысына қарсылық білдіріп, қоғамдық резонанс тудыруға тырысушылықты әлемдік дамудың аналогына сай тұрғын үйлерге, емхана, мектептерге, сауда орындарына, саябақтар мен демалыс, оңалту орталықтарына, т.б. жақсылықжаңалыққа қарсы шығу деп қабылдау керек. Ең бастысы «Bi — Group» компаниясы мектеп, емхана, ортопедиялық ауруларды емдейтін реабилитациялық орталықты бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында өз қаржыларына салып бермек. Сондай-ақ, «Bi — Group» компаниясы салатын құрылыста санға емес сапаға, ыңғайлы, жайлылыққа ерекше мән берілмек. Компания салатын тұрғын үйлер ғана емес парктер — саябақтар дамудың әлемдік аналогы — Нью-Иорктегі орталық саябақ, Лондондағы Гайд парк үлгілерінде жобаланған. 

Ең маңыздысы балаларды оңалту орталығы, балабақшалар және балаларды қосымша оқыту, машықтандыру мекемелері салынады. Сондай-ақ, жобада көрсетілгендей қалашықта жаяуларға — велосипедпен серуендеуге арналған көпір, жалпы қалалық ойын алаңдары, спорттық ойындар зонасы, қыдыру аллеялары, шахмат үлгісінде жасалатын скверлер, фонтандар болады. Орманды, көгалдандырылған аймақ көлемі 20 га-ға ұлғаяды. 500 000 м2 шаршы метрлік 6100 пәтерлік тұрғын үйлер, 1200 орындық мектеп салынады. «Тұлпар» көлінің жағалауы жаңартылып, қайта жабдықталады. Белсенді өмір салтын қалыптастырудың барлық жағдайы жасалатын қалашық құрылысының тағы бір маңызды тұсы — шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы орта қалыптаспақ. Мұнда білім беру мекемелері, балаларға арналған орталықтар, балабақшалар, супермаркеттер, сән салондары, медициналық орталықтар, кафе-ресторан, банк бөлімшелері, фитнес клубтар, егде адамдарға арналған орталық жұмыс істейтін болады. 

Экономикалық жағынан Шымкент шаһары үшін аса тиімді «Bi — Group» компаниясы ұсынған осы жоба жүзеге асса «Grand Park/Atamura» тұрғынүй кешеніне қажетті 66, 5 млрд теңгенің құрылыс материалдары жергілікті кәсіпорындардан  сатып алынады деп жоспарланған. Ал, қала бюджетіне 5 жылда шамамен 13,5 млрд теңге қосымша кіріс түседі. 

Міне, «бітер істің басына, жақсы келер қасына» дейді халқымыз. Жаңа ипподром салынатынына ат десе делебесі қозатын қазақтың жігіттері, қалың көпшілік, ат баптау, ат ойындарының басы-қасында жүрген білікті мамандар қуануда. 

Шымкенттің дәу ауыл қалпында емес, шоғыр-шоғыр, сан алуан түсті биік-биік үйлерімен, жаңа мектептерімен, балабақшаларымен, түрлі орталықтармен, саябақ, аллеяларымен, фонтандарымен, шамдарымен көз тартатын қалашықтарымен жарқырай түскенін қаласақ — «бір кірпіш болса да осы қалаға қалайық» дегендерді қуана қарсы алайық.  Мұндай жеке өңірге белгілі бір көлемдегі инвестицияның әсері жайлы зерттеу жасау біздің тәжірибемізде бірінші рет болып тұрғандықтан, Халықаралық Бизнес Университетінің бизнесті талдау орталығы төмендегідей өз зерттеу қортындымызды ұсынамыз. Республикалық маңыздылығы бар 3-ші қала Шымкентте 2016 жылы 885 799 адам тұрса, 2020 жылдың тамыз айында 1 054 413 адамға дейін жеткен. Ең әуелі қала халқының өсіп 1 000 000 асқанының өзі бұл қаланың өмір сүруге қолайлы екенін және болашағы бар екенін айғақтап тұр. Халық санының өсуі инвестицияның тартылуының негізгі қозғаушы күші.

 

Кез -келген инвестор халық көп шағырланған жерге қызығушылық білдіруі орынды, бірақ ол жердегі халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, өмір сүру деңгейі, төлем қабілеттілігінің болуы өз алдына бір сұрақ. Осыған байланысты қаланың ескі ипподромы және оған іргелес жерде «Grand Park / Atamura» жаңа тұрғын үй кешенін салу ұсынысын көріп отырмыз. Алайда бұл тұрғын үй кешенінің салынуы қаланың экономикалық және әлеуметтік жағдайына, халықтың өмір сүру сапасына, қаланың экологиялық жағдайына оң әсері бар ма? деген заңды сауал туындайды. Соған байланысты Шымкент қаласының тұрғындарының негізгі мәселелерін анықтап, жаңа тұрғын үй кешенінің бұл мәселелерге қалай әсер ететінін қарастырайық. 

Халықтың әлеуметтік жағдайы 

Шымкент қаласының 2019-2023 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қаланың нақты ЖІӨ-і жылына 3%-ға өседі деп айтылған (1-кесте).

1-кесте. Шымкент қаласының 2019-2023 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы

Алайда, бұл болжамда 2020 жылғы Covid-19-ке байланысты болатын пандемия мен соның салдарынан болатын карантин ескерілмеді. Ал карантин өз кезегінде қала халқының жұмыссыздық деңгейіне әсер еткені анық. 2020 жылдың 1 қаңтары мен 1 қараша аралығында жалпы тіркеуде тұрған жұмыссыздар саны 9067-ден 12117-ге жетіп, жұмыссыздық деңгейі күннен күнге артуда (2-сурет). Бұл қаланың болжанған ЖІӨ көрсеткіштерін кері төмендеуіне ықпал етіп отыр. 

1-сурет. Шымкент қаласының жұмыссыздық көрсеткіші. 2020 жыл.

Қалада еңбекке жарамды тұрғындар саны 506 мың. Төтенше жағдай кезінде 295 мың адам 42500 алды, ол Шымкент қаласының экономикалық белсенді халқының 58 пайызын құрайды. Біз 295 000 мың адамнан 12 117-ге бірден азайып кетті дегенге сене алмаймыз. Ұйғаруымызша жұмыссыздар саны 100 000 адамға жетті деп айтуға негіз бар. Бұл әдеуметтік осал топтағы кедей адамдардың үлесін арттыратыны сөзсіз. Сондай-ақ жергілікті әкімшілік тарапынан тез арадағы шұғыл қимылды талап етеді. Әзірге маусымдық жобаларға жұмыссыз азаматтарды тарта тұрса, кейінірек азаматтарды жұмыспен қамтудың кешенді бағдарламаларын әзірлеу қажет. 

Бұл мәселелерге қатысты «Grand Park/Atamura» тұрғын үй кешенінің жобасы бойынша 6151 пәтер ұсынылмақшы. Осы тұрғын үйлерді салуға 2021-2026 жылдар аралығында 6000 жұмыс орны ашылады, ал 2022 жылдан бастап, тұрғын үйлер эксплуатацяға берілген соң, тұрақты 2500 жұмыс орны ұсынылмақшы. Демек жұмыссыздықтың үлесін азайтуда бұл жобаның біраз көлемде тигізер үлесі бар. Жұмыс орындары: құрылыс, қызмет көрсету, білім беру және көңіл көтеру салаларын қамтиды. 

«Grand Park/Atamura» жобасына қатысты тәуелсіз сарапшы ретіндегі пікірімізді білдірсек. 

Шымкент қаласының өңірлік ішкі өнімі 2 трлн теңге, ал 200 млрд теңге инвестиция 5 жылдық құрылысқа арналған. Сонда жылына 40 млрд теңгеден болады екен. Ол жергілікті Өңірлік ішкі өнімнің көрсеткішін 2021-2026 жылдары жыл сайын қосымша 2 % дамуына ықпал етеді. Сондай-ақ шартты түрде салықтық түсімдерді 10 пайыз деп алсақ, ол жергілікті бюджетке шамамен 5жылға 20 млрд, ал жыл сайын 4 млрд теңге кірістілікті қамтамасыз етуі мүмкін.

Әрине, осы инвестицияны қарастырғанда бір мәселе туындайды. BI-Group компаниясы тұрғын-үй кешенін салғанда жабдықтаушы ретінде Шымкент қаласы және оған іргелес аймақтағы құрылыс кәсіпорындарымен қаншалықты бірге жұмыс істейтіні. Себебі, тұрғын-үй кешені құрылысында компания жергілікті жабдықтаушылармен жұмыс істейтін болса, бұл қаланың экономикасының дамуына үлкен септігін тигізеді. 

Келесідей қауіптің де бар екенін айтып кетуіміз қажет. Бұл көрсеткіштер 100 пайыз құрылыс жұмыстарына жергілікті өнімді алған жағдайда ғана жүзеге асырылмақ. Құрылысқа 95 млрд теңге жұмылдыру көзделуде, құрылыс материалдарының 70 пайызы жергілікті кәсіпорындардан алынады деген мәлімет бар. Сонда 66,5 млрд теңге жергілікті өндірушілерді қамтамасыз етуге жұмсалатын болады. Ең маңыздысы сол жердегі кәсіпкерлер сұранысты қанағаттандыруға дайын болулары қажет. 

Бұл инвестиция қала экономикасының дамуына мультипликативті әсер етеді ме деген сауалға жауап беретін болсақ. Сөзсіз әсер етеді деп айтуға негіз бар, оны келесі көрсеткіштерден байқауға болады:

— 2019 жылы Шымкент қаласына 194,9 млрд теңге инвестиция құйылған. 200 млрд теңге бұл сомадан да көп, ол тек қана құрылыс саласына ғана бағытталып отыр.

— 2019 жылы Шымкенттің құрылыс саласына 87,6 млрд теңге инвестиция құйылған. 200 млрд теңге Шымкент қаласының құрылыс саласына салынған 2 жылдық инвестициядан да асып түседі. 

— 2019 жылы Шымкент қаласында 280,1 шаршы метр көпқабатты тұрғын үйлер қолдануға берілді. Ал «ВІ Group» салып жатқан комплекстің тұрғын үйлерінің ауданы 403 283 шаршы метр. Ол Шымкент қаласындағы 2019 жылғы берілген көпқабатты үйлердің ауданынан 44 пайызға үлкен.

— 2019 жылы жеке компаниялар 126,2 мың шаршы метр көпқабатты тұрғын үй салды. Ал «ВІ Group» салып жатқан кешен ол көрсеткіштен 3,2 есе көп.

— 2019 жылы Шымкент қаласында 3208 пәтер қолдануға берілді. Оның 2094 пәтерді мемлекет салып берсе, 1114 пәтерді жеке меншік компаниялар салған. Ал «Grand Park/Atamura» кешендерінде жалпы саны 6151 пәтер болады. Ол Шымкент қаласы бойынша 2019 жылы берілген пәтер санынан 92 пайызға көп. 

Мультипликативтік серпінге синергиялық түрде үлес қосатын тағы бір фактор ол — кәсіпкерлік және инвестиция

Шымкент қаласының экономикалық белсенді халқының 30%-ы орта және шағын бизнесте жұмыс істейді. 2020 жылдың қарашасындағы мәліметке сәйкес 72 598 кәсіпкерлік субъектісінде 160,9 мың адам жұмыспен қамтылған. Бұл дегеніміз Шымкент қаласында кәсіпкерлікті дамытып және сол арқылы жұмыссыздықпен күресуге негіз бар деп айтуға болады. Әрине, «Бизнестің жол картасы – 2020» және «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» бойынша жұмыс жүргізілуде. Алайда, жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы халықты толықтай жұмыспен қамтуға жетпейді. 

Сонымен қатар, тұрғын үй кешенін салған соң 430 000 кв м2 қамтитын үй-жай беріледі. Соның ішінде 23 302 шаршы метр коммерциялық кеңістік бөлінеді. Бұл Шымкент қаласында жаңа шағын және орта бизнес кәсіпорындарының ашылуы және сол бизнесте біршама жұмыс орнының пайда болуына себепкер болатыны анық. 

Сонымен қатар қаланы дамытуда экологиялық тұстарына да мән беру қазіргі заманның талабы. Қазір ипподром орнында 1,5 га ағаштар отырғызылған. Жаңа кешеннің аумағында 20 га жасыл желектер отырғызылады деп күтілуде. Сондықтан жобаға қарайтын болсақ тұрақты дамудың үш тағанын толық ескергенін байқауға болады. Ол: экономика, әлеуметтік жағдай және экология. Кез келген қаланы дамытуда осы негізгі құндылықтар ескерілсе ол қаланың болашағы жарқын болып, тұрақты даму жолына түсетінін әлемдегі озық қалалар дәлелдеп отыр. Ең маңыздысы жобадағы шарттардың орындалуын халық бақылауда ұстау қажет деп есептейміз. 

Шымкент қаласының басқа аймағынан салынатын жаңа ипподром да BI-Group компаниясының есебінен салынуы, сонамен қатар жобада көрсетілген бірнеше әлеуметтік нысандар мектеп, емхана, ортопедиялық ауруларды емдейтін реабилитациялық орталықтар қала бюджетінің қаражатын үнемдеп, дағдарыстық кезеңде басқа бағыттарға жұмсауына мүмкіндік береді.

Әдетте, кез-келген қаланың динамикалық түрде дамушы қала екендігінің негізгі белгісі қала инфрақұрылымымен тікелей байланысты, қосымша-жанама инвестициялардың ағымын бұрушы құбылыстардың бірі  әсем де көрікті, биік, сәулеті ерекше ғимараттар болып келеді (Малайзия, Дубай т.т секілді). 

Сондықтан, осындай заманауй көрікті ғимараттарға инвестиция салу арқылы, қаланың экономикасын дамытуға, инфрақұрылымын жақсартуға болады. Мұндай жобалардың көп болғаны жаңа қала келбетін қалыптастырып, инвестициялық тартымдылығын арттырып қаланың синергиялық түрде дамуына үлкен себтігін тигізетін болады.

Мысалы: Әрбір қаланың ауқатты тұрғындары, өз қаражаттарына Нұрсұлтан мен Алматы сияқты ірі қалалардан заманауй пәтерлер мен кеңселер сатып алып отырады. Яғни, өз қаласында тапқан қаржысының белгілі бір бөлігін өзге қалалардың экономикасына салып отырады деген сөз. Мұны экономикада капитал ағына деп атаймыз. Сәйкесінше, өзге өңірде кәсіпкерліктің дамуына тікелей әсер етіп үлес қосады. Ол одан әрі сол өңірдің тұрғындарының жұмыспен қамтылуына, әлеуметтік ахуалының көтерілуіне әсер етеді.

Өзге өңірлерден пәтер сатып алуының басты факторы — нысанның сапасы мен орналасу аумағы.

 

Миллиондық тұрғыны бар Шымкент мегаполисінің осындай құрылыс саласына салынып жатқан инвестициялардың тек Шымкентке қатысты бөлігін ғана емес, толықтай көрші өңірлерді де өздерінің сапалы өнімдерімен қамтамасыз етуге мүміндігі мол. Әрине, дер кезінде сұранысқа қарай бейімделе алса. 

Дәл осылай ішкі сұранысына сай сападағы өнімдерді өндіруді одан әрі молайта алса, көрші өңірлерге бөлінген қыруар қаржы ағымдарының да үлкен бөлігін, тікелей Шымкент мегаполисінің экономикасына бағыттауға мүмкіндік береді. Әрі салықтан түсетін табыстар молайып, жұмыссыздық пен әлеуметтік мәселелердің азаюына оң әсер етеді.

Қаланың келешегі үшін, оның әлемдік өркениетке жақындай түсуі үшін  «Bi — Group» компаниясы сияқты ірі инвестор тартқан қала әкімі М.Әйтеновке осы мақтауға лайық тірлігі үшін тек қана рахмет айтып, «жарайсың» деу керек. 

Ал, Шымкентті таңдағаны үшін «Bi — Group» компаниясын аяқтан тартпай, «іске сәт, жолың болсын» дейік. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *