облысы әкімінің бірінші орынбасары                           А. Жетпісбайдың төрағалығымен жалпы 6 рет комиссия мәжілісі (4-і де жоспарлы) өткізіліп, 12 сұрақ қаралған.

 

Отырыста қаралған сұрақтар:

  1. 2022 жылғы көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары туралы;
  2. Жазғы шомылу маусымында облыстың су нысандарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы;
  3. Облыс аумағында азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы және жүргізу туралы;
  4. Түркістан қаласындағы ғимараттарды салып жатқан мердігер ұйымдарға мұнаралы крандарды іске қосу кезінде қауіпсіздігін, осы салаға жауапты мемлекеттік бақылаушы органдардың жұмысын талқылау;
  5. Төтенше жағдайларды жою кезіндегі күштер мен құралдарды басқару туралы;
  6. Күшті желдердің салдарынан ғимараттардың және шатырлардың құлау жағдайлары туралы;
  7. «Қапшағай су қоймасында туындаған жағдай бойынша және т.б.

        Комиссия мәжілістеріне бейнеселекторлық режимде аудан, қала әкімдері де қатысты.

Облыс аумағында төтенше жағдайларды алдын алу мақсатында Сырдария өзеніне және қауіпті учаскелерге жер үсті (8) және мұздақ көлдерді әуеден шолу жұмыстары жүргізілді (5).

Су тасқынының алдын алу мақсатында  2021 жылдың 16 қыркүйекте «2021-2022 жылғы күз-көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу, тасқын суларды апатсыз өткізуді қамтамасыз ету шаралары» жоспары бекітіліп, тиісті шаралар атқарылды.

-1218 км  құрайтын 680 арық, канал қоқыстан тазартылды;

-19 км құрайтын 23 дюбинг қоқыстан тазартылды;

61500 дана қап, 482 тн., инертті материал әзірленді

Орын алуы мүмкін төтенше жағдайларға ден қою мақтасында жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар департаменті тарапынан жалпы 2065 жеке құрам, 400 бірлік техника, 6 қайық, 294 мотопомпа дайындыққа келтірілді.

ЖАО -1370 адам,  367 тех. 187 

ТЖД -695 адам, 33 тех., 107 мотопомпа (М-350 5 дана) .

Сонымен қатар, су қорғау аймағы мен су қорғау белдеулеріндегі нысандарды қауіпсіз аймаққа шығару бойынша да жұмыстар тиісті деңгейде жүруде.

(Анықтамалық: аймақта жалпы 687 нысан оның 288-і бойынша жұмыстар жүргізілген ал, 399 нысан бойынша жұмыс жалғасуда)

«2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар кешені» Жол картасының 2021-2022 жылға жоспарланған 19 іс-шараның (2021ж-8, 2022ж-11) жүзеге асыру жоспарлануда.

Жол картаға  20 іс-шара енгізілген, жоспарланған қаржы көлемі 1 млрд. 972 млн. теңге;

2021 жылға — 8  (қаржы көлемі 1 млрд. 36 млн. теңге);

-2022 жылға — 11  (қаржы көлемі 868 млн. 856 мың теңге);

-2023 жылға — 1  (қаржы көлемі 67 млн. 214 мың теңге).

— Жоспарға сәйкес 32,1 шақырым арна түзеу, 14,9 шақырым жаға бекіту жоспарланған.

Аталаған іс-шаралардың орындалуына қаржы бөлу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ, 2022 жылдың 20 ақпаны мен 20 наурызы аралығында облыс аумағында «су тасқынына қарсы іс-шаралар айлығы» өткізілді. Айлық барысында жалпы 7 525 жаднама таратылып, 22 бильборд, 12 стенд дайындалды, газет басылымдарына 27 мақала жарияланып, 16 видеоролик жасалып, 176 рет «LED» экрандар арқылы көрсетілді.

Облыс аумағында су тасқыны жағдайы Сырдария бассейіндік өзенімен тікелей байланысты болғандықтан өзендегі жағдай қатаң бақылауға алынған.

Ал, 2022 жылдың қорытындысы бойынша таудағы жиналған қар қоры нормадан төмен (былтырғы жылмен салыстырғанда 20 пайызға төмен), ал аумақтың жазық жерлерінде қар мүлдем болған жоқ.

Аталған жұмыстарға қарамастан, ағымдағы жылдың 11-27 наурыз аралығында Мақтаарал және Жетісай аудандарында тоқтаусыз жауған жаңбыр мен жер асты суларының көтерілуі салдарынан 2 ауданда жалпы 24 елді мекеннен 539 үйдің ауласына су басқан болатын.

Жалпы суды соруға барлығы 337 адам, 131 мотопомпа және 37 бірлік техника жұмылдырылып (ТЖД – 82 адам, 12 техника, 49 мотопомпа; ЖАО – 255 адам, 25 техника, 82 мотопомпа), төтенше жағдайды сейілтті.

Сондай-ақ, 2022 жылдың 24 сәуірінде Қазығұрт ауданында қатты жауын-шашын салдарынан 15 елді мекенде 370 нысанның ауласынан су өткен.

Анықтамалық:

  • 73 үйді су басып, 1 үй құлаған, 1 үй құлайын деп тұр, 35 үйге сараптама жасалды.
  • 159 қора-қопсыны су басып, одан 52-і құлаған және 8 үй  қоршауы құлаған.
  • 1 коммерциялық нысанды су басқан, қоршауы (бетон) құлаған.
  • 476 ұсақ мал (267 қой,154 қозы, 29 ешкі, 26 лақ), 3 ірі қара мал, 1 жылқы, 17 тауық өлген және 50 бал арасының жанұясы суға ағып кеткен.

Атап айтқанда: 7 ауыл округтің (Сарапхана, Қақпақ, Қарабау, Қызылқия, Шанақ, Алтынтөбе, Тұрбат), 11 елді мекенінде (Сарапхана, Заңғар, Қақпақ, Сырлысай, Қарабау, Жұмысшы, Тұғыртас, Қызылсеңгір, Шанақ, Алтынтөбе, Еңбек) үйлер мен қора-қопсыларды, коммерциялық нысанды су басты.

Өзбекстан Республикасы Ташкент облысы, Қыбырай аудандық су шаруашылығына қарасты «СифонТуркВо» арығы мемлекет аралық үлкен келес магистралды каналынан бастау алады. Аталған арық Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Ақжар ауылдық округі, Бағыс ауылының аумағынан шамамен 900 метр жерден өтетіні анықталды. Оқиға орнына Сарыағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің 3 қызметкері және №14 өрт сөндіру бөлімінен 8 қызметкер, 1 техника, 3 дана мотопомпа, аудан әкімшілігінен 5 қызметкер, аудандық полиция бөлімінен 7 қызметкер 2 техника жұмылдырылды.

2022 жылдың 19 мамырында Бәйдібек ауданында орналасқан «Қапшағай» су қоймасының шлюз шахтасының ішкі жағынан төрт күн бойы су ағып жатқандығы туралы хабарлама түсті. Алайда, бұл қауіпті жағдай туралы  меншік иесі «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы тарапынан арнайы хабар түспеген.

Біздің тарапымыздан шұғыл түрде құзырлы мекемелердің мамандарын жұмылдырып су қойманың бөгетіне зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, су қойманың шлюз шахтасының бөгет беткей бөлігінде 6-метр төмендікте саңылау пайда болғандығы, су тастайтын екі шлюздің біреуі  және  барлық 14 (он төрт) дана пьезометрлер жұмыс істемейтіндігі анықталды.

Бөгеттің жағдайын анықтау мақсатында арнайы техникалармен 3 ұңғыма қазылды. Қазылған екі ұңғыманың топырағы құрғақ, үшінші ұңғыманың түбінен (ұңғыма 7,6 м құрайды) 25 см., лайлы су шыққан. Қоймадағы судың тасталу көлемін ұлғайтудың нәтижесінде 30 млн., текше метрден 20 млн., текше метрге түсірілді(жоба: 34,5 млн.м3).

2021 жылғы 17-20 тамызда Департамент қызметкерлері Төлеби ауданы аумағындағы су қоймалардың жай-күйін зерделеу барысында Абай елді мекенінде 2018 жылы Абай су торабы салынғандығы және қазіргі таңда шаруашылықтың пайдаланылуында екендігі мәлім болды.

Су торабы құрылысының ұзындығы 400 метр, биіктігі 15-20 метр, құрылысы топырақпен көтерілген, бөгеттік ішкі жағы бетондалмаған және апаттық су тастау құрылысы жоқ, нақты су режимі жағдайын көру үшін төлқұжаты (бар жоғы белгісіз) ұсынылмады. Оның төменінде 1600 тұрғыны (200 үй) бар Абай елді мекені орналасқан.

Визуалды зерттеу нәтижесінде бірнеше кемшіліктер анықталып, бөгеттің техникалық жағдайын талаптарға сәйкестендіргенше су қоймасын толығымен босатып, су тоғанын мүлдем пайдаланбауды және гидротехникалық құрылысқа келетін суды басқа жаққа бұру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ, су тоғанының төмен жағында орналасқан Абай елдімекенінің тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша  Төлеби ауданы әкімдігіне ұсыныстар жолданды.

су шаруашылығы мекемелерімен («КазГидромет», Қазселденқорғау, «Казводхоз») ақпарат алмасу арқылы облыстағы су тасу қауіпі бар өзендер мен су қоймаларына күнделікті мониторинг жүргізу тұрақты бақылауға қойылған.

Алдағы уақытта Басқармамен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия мәжілісінде жоспардағы мәселелермен қоса «Сейсмикалық күшейтуді қажет ететін ғимараттар мен  балалардың терезеден құлау жағдайлары» туралы қарап, бірқатар жұмыстар атқару жоспарлануда.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.