ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ ЖАҢА ПРИНЦИПТЕРІ – ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕР ЖӘНЕ ЖЕКЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Spread the love

ҚР президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан барлық мемлекеттік бағдарламалар әлеуметтің әлін арттыруға бағытталған. Экономиканың тетіктерін сақтай отырып, кепілдіктер мен жауапкершілікті сақтай білуіміз қажет.  Біздің басты мақсатымыз – әлеуметтік қауіпсіздік және азаматтарымыздың бақуаттылығы. Бұл – қоғамдағы тұрақтылықтың ең жақсы кепілі. Біздің қоғамда уақыт сынына төтеп бере алатын жаңартылған және әлдеқайда тиімді әлеуметтік саясатқа деген сұраныс өсіп келеді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, әлеуметтік саясаттың мінсіз және әмбебап үлгісі жоқ. Бұл барлық азаматтары сол әлеуметтік жүйеге қанағаттанатындай бірде-бір қоғамның жоқтығы сияқты. Әлеуметтік қауіпсіздік және азаматтардың бақуаттылығы мәселелерін шешу – бұл әрбір қазақстандыққа әсер ететін қиын және өте маңызды міндет. Сондықтан бұл тұста әр қадам мұқият ойластырылған болуы тиіс. Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидалары Біріншіден, мемлекет, әсіресе, жаһандық дағдарыс жағдайында, азаматтарға ең төменгі әлеуметтік стандарт кепілдігін беруі тиіс. Басты міндет – кедейшіліктің өсуіне жол бермеу. Кедейшілік ешбір қазақстандық үшін әлеуметтік перспективаға айналмауы керек. Біз өз азаматтарымыз үшін экономика мен бюджеттің өсіміне тікелей тәуелді болатын ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктер белгілеуіміз керек. Олар мынаны қамтуға тиіс: • Ең алдымен,  тұлғаның қажеттіліктері тізімін кеңейту және оған білім беру мен денсаулық сақтау баптарын енгізу (соның ішінде жұмыссыздар мен еңбекке қабілетсіздер үшін оларды барынша әлеуметтендіру мақсатында), саламатты тамақтану және саламатты өмір салты, зияткерлік және ақпараттық сұраныстарын өтеу, т.б. • Нақты бағалар бойынша тұлғаның қажеттіліктерінің құнының есебі (тиісінше, елдегі статистиканы жетілдіру қажет). • Экономиканың өсіміне  байлаулы өмір  сапасының стандарттарын  кезең- кезеңмен сапалы арттыру. Осы стандарттарды сақтау бүкіл әлеуметтік саланы бюджеттік қаржыландыру көлемін айқындауы тиіс. Бұл бюджеттік процестердің ашықтығын арттырады және біз бөлетін қаражаттың атаулылығын күшейтеді. Үкіметке тиісті заң әзірлеуді тапсырамын.

Медиаон ақпарат

256 сөз

НОВЫЕ ПРИНЦИПЫ СОЦИАЛЬНОЙ ПОЛИТИКИ – СОЦИАЛЬНЫЕ ГАРАНТИИ И ЛИЧНАЯ ОТВЕТСТВЕННОСТЬ

Все государственные программы, реализуемые по инициативе Президента РК К. Токаева, направлены на повышение благосостояния населения. Мы должны сохранять гарантии и ответственность, сохраняя механизмы экономики. Наша главная цель-социальная безопасность и благополучие наших граждан. Это лучшая гарантия стабильности в обществе. В нашем обществе растет спрос на обновленную и более эффективную социальную политику, способную выдержать вызовы времени. Как показывает мировой опыт, нет идеальной и универсальной модели социальной политики. Это кажется, что нет ни одного общества, все граждане которого удовлетворены этой социальной системой. Решение вопросов социальной безопасности и благополучия граждан – это сложная и очень важная задача, которая влияет на каждого казахстанца. Поэтому каждый шаг должен быть тщательно продуман. Новые принципы социальной политики во-первых, государство должно гарантировать гражданам минимальный социальный стандарт, особенно в условиях глобального кризиса. Главная задача-не допустить роста бедности. Бедность не должна стать социальной перспективой для ни одного казахстанца. Мы должны установить для своих граждан минимальные социальные стандарты и гарантии, которые будут напрямую зависеть от роста экономики и бюджета. Они должны включать, прежде всего, расширение перечня потребностей личности и включение в него статей образования и здравоохранения (в том числе для безработных и нетрудоспособных с целью их максимальной социализации), здоровое питание и здоровый образ жизни, погашение интеллектуальных и информационных запросов и т. д. * Расчет стоимости потребностей личности по конкретным ценам (соответственно, необходимо совершенствовать статистику в стране). * Поэтапное качественное повышение стандартов качества жизни, зависящих от роста экономики. Соблюдение этих стандартов должно определить объемы бюджетного финансирования всей социальной сферы. Это повысит прозрачность бюджетных процессов и усилит адресность выделяемых нами средств. Поручаю Правительству разработать соответствующий закон.

Медиаон информация

262 слов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *