Басты бет > Саясат > Шымкент қаласының халық саны 22,3 мыңға өсті

Шымкент қаласының халық саны 22,3 мыңға өсті

Әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштер
2019 жылғы 1 желтоқсанға қаланың халық саны 1033,5 мың адамды құрады және 2018 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда халық саны 22,3 мың адамға немесе 2,2% өсті. 2019 жылғы қаңтар-қарашаға халықтың табиғи өсімі (азаю) 21,4 мың адам немесе 2018 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 103,9% құрады. Туылғандар саны 25,8 мың адам құрап, 2018 жылғы қаңтар-қарашанмен салыстырғанда 4,8% өсті. Өлгендер саны 4,4 мың адамды немесе 2018 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 109,3% құрады.

Тұрмыс деңгейі

2019 жылғы III тоқсанда қалада, халықтың орташа бір айда жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары, бағалау бойынша, 70774 теңгені құрап, 2018 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 13%-ға, ал нақты ақшалай табыс 6,7%-ға өсті.

Еңбек нарығы және еңбекақы төлеу

2019 жылғы III тоқсанда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша, 22,2 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 5,1% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2019 жылғы желтоқсанның соңына 9,1 мың адамды немесе жұмыс күші санына 2,2% құрады.
2019 жылғы III тоқсанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 141007 теңгені құрап, 2018 жылғы III тоқсанына қарағанда 24%-ға өсті. Осы тоқсанда нақты жалақы индексі 117,1% құрады.

Баға

2019 жылы инфляцияның деңгейін сипаттайтын, тұтыну бағаларының индексі 105,7% құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар 11,4%, азық-түлік емес тауарларына – 5,2% көтерілді, ал халыққа ақылы қызмет көрсету – 0,8% төмендеді. 2019 жылы өнеркәсіп өніміндерін өндіруші кәсіпорындарының бағалары 2,6% көтерілді.

Ұлттық экономика

2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте қаланың жалпы өңірлік өнім көлемі 1467476,6 млн. теңгені құрады, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 104,7% құрады. ЖӨӨ құрылымында тауар өндіру үлесі 31,6%, қызмет көрсету – 61% құрады.
2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда қала бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 194478 млн. теңге болып, 2018 жылдың деңгейіне 33% құрады.
2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 23116 шаруашылық жүргізуші субъект (заңды тұлға) тіркелді, олардың 15798 жұмыс істеп тұр. Тіркелген заңды тұлғалар ішінде шағын заңды тұлғалар саны (100 адамға дейін) – 22711, орта заңды тұлғалар (101 ден 250 адамға дейін) – 295, ірі заңды тұлғалар (250 адамнан жоғары) – 110, оның ішінде жұмыс істейтіндер – тиісінше – 15408, 285 және 105 бірлік.

Сауда

«Сауда» саласы бойынша 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда нақты көлем индексі 105,4% құрады.
Бөлшек сауда көлемі 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда 381591,9 млн. теңгені немесе 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейіне 107,1% құрады.
Көтерме сауда көлемі 802438,4 млн. теңгені немесе 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейіне 103,6% құрады.
2019 жылғы қаңтар-қарашада Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) елдерімен өзара сауда көлемі 457,4 млн. АҚШ долларын немесе 2018 жылғы қаңтар-қараша деңгейіне 92,4% құрады, оның ішінде экспорт, тиісінше – 70,1 млн. АҚШ долларын немесе 73,6%, импорт – 387,3 млн. АҚШ долларын немесе 96,9% құрады.

Экономиканың нақты секторы

2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 562278,8 млн. теңгені құрады, бұл 2018 жылғы қаңтар-желтоқсаннан 15% артық. Өңдеу өнеркәсібінде – 13,9%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 31%, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таралуын бақылауда – 4,9% артты, ал кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі – 8,8% кеміді.
2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімдерінің (қызметтерінің) көлемі 29455,7 млн. теңгені құрап, 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 6,3%-ға артты.
2019 жылғы қаңтар‐желтоқсанда «Көлік» (көлік және қоймалау) саласы бойынша нақты көлем индексі 104,9% құрады. 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда жүк айналымының көлемі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 7394,8 млн. ткм құрап, 10,7% өсті (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауын қоса есептелгенде). Жолаушылар айналымының көлемі 19238,5 млн. жкм құрап, 0,5% өсті.
Қала бойынша 523,7 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл 2018 жыл деңгейіне 119,2% құрады.
2020 жылғы 1 қаңтарға жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 69435 бірлікті немесе 2019 жылдың тиісті кезеңіне 119,6% құрады.
ШОК жұмыспен қамтылғандар саны 2019 жылғы 1 қазанға 147789 адамды құрады немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 104% құрады.
2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілердің өнім шығарылымы (тауарлар, қызмет көрсетулер) 630527 млн. теңгені немесе 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекке 108,9% құрады.

Қаржы жүйесі

2019 жылғы 1 желтоқсанға бюджеттің табыстары 201067,8 млн. теңгені, шығындары – 188901,5 млн. теңгені, бюджет профициті – 9858,7 млн. теңгені құрады.

Медиаон ақпарат