Облысымыздың білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Сағындықов Исатай Өмірзақұлы облыстық білім басқармасының басшысы болып тағайындалды. Жаңа басшыны білім басқармасының ұжымына облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Исатай Өмірзақұлы 1960 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша математик, педагогика ғылымдарының кандидаты, дипломатиялық дәрежесі - атташе. Сондай-ақ, төрт тілді меңгерген. Медиаон ақпарат
Толығырақ