Адамдардың дүниеге объективті көзқарасы қалыптасуы үшін бүгінгі жағдайда исламның тарихы мен теориясын білуді əрбір азаматтан талап етеді. Адамзаттың ислам дінінің тарихын білу мəдениеттіліктің өмірге деген тəртіптіліктің, инабаттылығын мейірім, ар-ұжданын негізінде қалыптасады. Мəдениеттің негізінде білім, бағалау, қабылдау шарттары жатыр. Адамдардың дамуы үшін, бүгінгі қоршаған ортаның əсері құбылыстары дүниені салыстырмалы бағалауына көмектеседі. Ал, ғылыми көзқарастың қалыптасуында мəдениеттің алатын орыны зор. Ғылыми зерттеулердің, діннің адам санасына, тəрбиесіне үлкен əсер барын айтады. Ислам дінінің адамгершіліктік нормаларында тəрбиеге қатысты қайрымдылық, мейрімділік жақтары көп ескеріледі. Бүгінгі біз өмір сүріп отырған қоғамда қайрымдылық тиімді. Қайрымдылық көрсеткен адамның көңілі таза, мейрімділік қасиетке ие болады. Ислам дінінде сүйіспеншілік, мейрімділік, тазалық ерекше орын алады. Сол себепті, ислам дінінің тəрбиелік мəні бүгінгі таңда маңызы зор. Ислам дінінің ерекшелігі — ұлттық салт-дəстүрімізді, əдет-ғұрыпымызды, рухани қазыналарымызды бір жүйеге салып, құндылығын анықтап, арттыруға көмектесетін тəртіптілік заңы. Ислам діні имандылыққа жетелейді, бойында иманы бар адам ешуақытта жамандыққа бармайды. Иманды адам ар-ұжданын, тазалығын, əдептілігін, əділеттілігін сақтайды. Əдептіліктің өзі адамның өзін-өзі тəрбиелеуіне, мінез-құлқын дұрыстауына көмектеседі. Мінезі құлқы дұрыс адам қоғамда, қоршаған ортада үлкен игілікті іс-əрекет жасауға дайын. Осылай жастарымыз имандылықты дұрыс түсініп, жақсы əрекеттерімен өздерін көрсетуі керек. Бұл ұғымдар — мəдениеттіліктің ең керекті нышандары, бүгінгі күнгі өзекті мəселелердің бірі. Біз тəрбиелі адамның дүниедегі болмыс тəсілі деп қарастырсақ, онда дін осы болмысқа мағыналық жəне тұрақтылық беретін күшке айналады. Адамның болмысы қайшылықтарға толы: өмір жəне өлім, пендешілік жəне руханилық, өзімшілдік, лəззат жəне парыз. Діннің басты қызметі — адамдық қарым-қатынастарды белгілі бір тəртіпке келтіріп, оның құдіреттілігі мен қасиеттілігіне адамдарды иландыру, сендіру. Дін —мəдениеттіліктің бастамасы жəне оны қорғаушы күші. Кейбіреулер дін салт-дəстүрмен шектелмейді деп ұғады, ол дұрыс емес, өйткені салт-дəстүрімізден бастау алып, мəдениеттілігімізді көрсетеміз. Дін — рухани мəдениеттіліктің баламасы, дүниетанымның бір бітімі, дүниедегі тəрбие жөніндегі бағдар мен жол. С.Е.Нұрмұратовтың пікірінше: «Рухани дамудың негізгі мақсаты — əрбір адамды бақытты болуға ұмтылдыру. Адамның жер бетінде тіршілік иесі болып келуінің өзі оны болашағы бар, бақытты болуға лайықты жан етеді».
Медиаон ақпарат
