Бүгінгі ғылым мен технологияның дамыған заманында баршамызға ақпарат тарату құралдарының кең тараған түрі – ғаламтор желілері. Мұның пайдалану үрдістері де әртүрлі. Өйткені, бүгінгі жастардың санасы мен психологиясы тұрмыс-тіршілігі ғаламтор әлемімен тығыз байланысты екені белгілі. Күн өткен сайын адамдар осы бір рухани дертке тәуелді болып барады. Осы ұғымы XX ғасырдың аяғында пайда болса да жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Осынау жылдар ішінде біз ғаламтордан көптеген мағлұматтар алдық. Ғаламторды ашқан ғалымдар да, ел тарихында елеулі із қалдырған ірі тұлғаларда болды. Осы орайда, жат ағымдардың интернет желілерін пайдалану тәсілдеріне тоқталғанымыз жөн. Күнделікті тұрмыста тепсе темір үзетін жастарымыз жаңа заман технологиясын жаппай пайдалануда. Бүгінгі жастар интернет әлеміне емін-еркін кіреді, жеке аккаунттарын ашып, кез келген ақпаратқа қол жеткізе алады. Міне, осы кезде діни сауаты, таным-түсінігі қалыптасып үлгермеген буынның теріс пиғылды топтардың тұзағына түсіп қалуы да оп-оңай. Ғаламтордағы терроризмге үндейтін ақпарат көздерінің салдарынан өзге мемлекеттен ілім іздеп, жалған ғалымдардың жат уағызына уланған «ахилар» мен «ухтилардан», «брат», «сестралардан» жасақталған топтан қанша жас жапа шегіп, кейінгі буынның дәстүрімізден, тарихымыздан, ділімізден безінуі алаңдатады.
Медиаон ақпарат
