Шымкентте аяқ киім шығаратын жаңа фабрика іске қосылды
Қала әкімі Ғабидола Әбдірахымов Шымкенттегі аяқ киім шығаратын «Lux Shoes» БК» ЖШС фабрикасының салтанатты ашылуына қатысып, цехтың жұмысын аралап көрді. Мұнда халықаралық стандарттарға сай, таза былғарыдан тігілген аяқ киімдер өндірілуде. Бағасы да қолжетімді. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында іске қосылған аяқ киім фабрикасында жұмыс қызу. Дайын өнімдер Тараз, Алматы, Астана қаласына жөнелтілуде.
Толығырақ