Тәуелсіз Еліміздің спортшылары жазғы Олимпиада ойындарында 1996 жылдан бері жалпы 64 медаль жеңіп алды.

Spread the love

Еліміз егемендік алғалы ғаламның ғаламат бәсекелерінде өзіне тән бәсіресінен қағылып көрген жоқ. Мейлі қай салада болса да Қазақстанның жеткен жетістігі аз емес. Ел дамуының ерекше белгілерінің бірі – спорт саласындағы жетістік деп есептеп жүрміз ғой. Ендеше, тәуелсіздік алғанына ширек ғасырдан сәл ғана асқан ел үшін спорт саласындағы бүгінгі жетістіктеріміз аз емес. Әлемдік ареналарда жеңіп алған жүлделер ел мерейін үстем етуге септігін тигізетіні шын. Спортшыларымыз халықаралық ірі додаларда топ жарған кезде бөркімізді аспанға атып қуанатынымыз осының дәлелі. Спорттағы жетістікті ел дамуының ең маңызды көрсеткіші дей алмаймыз. Бірақ әлемдік жарыстарда жүлде алу оңай шаруа емес. Тіпті кейбір дамыған алпауыт елдердің өзі спорт саласында Қазақстанның шаңына ілесе алмайды. Спорттағы ең биік шың —  Олимпиада ойындары. Аталған дүбірлі дода төрт жылда бір өтеді. Әлемнің әр түкпірінен келген мыңдаған спортшы дәл осы биікті бағындыру үшін барын салады. Олимпиада ойындарына еліміз спортшылары тәуелсіздік алғалы алты мәрте қатысты. Әрі ешқашан алтын медалсіз қайтып көрген жоқ. Айта кетейік, 1992 жылғы Барселонадағы жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар ТМД-ның біріккен құрамасы сапында өнер көрсетті. Еліміз спортшылары жазғы Олимпиада ойындарында 1996 жылдан бері жалпы 64 медаль жеңіп алды. Бұның 19-ы алтын, 20-сы күміс, 25-і қола медаль. Ал қысқы Олимпиадаға 1994 жылдан бері қатысып жүрміз. Бұл жарыста қазірге дейін жеті жүлде жеңіп алдық. Атап айтқанда 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медалге қол жеткіздік. Қазақстан құрамасы Азия ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді. Содан бері өткен алты кезекті Азиадада еліміз спортшылары жалпы 557 медалге қол жеткізді. Бұның ішенде 155 алтын, 158 күміс, 244 қола медаль бар. Ал қысқы Азия ойындарындағы көрсеткішіміз мынадай: 69 алтын, 51 күміс, 44 қола жиыны 164 медаль. Енді жазғы және қысқы Олимпиада ойындарында медаль жеңіп алған спортшылардың есімін атай кетейік. Бұл ең ірі әлемдік додада жүлде салған жүйріктерге деген құрмет әрі ел мақтаныштарының есімін барлығы біле жүрсін деген ниет.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *