ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА 100 ГЕКТАР ЖЕРГЕ АЛМА БАУ ҚҰРЫЛДЫ

Spread the love
Түркістан облысы Сайрам ауданында жалпы аумағы 100 гектар болатын 7 қарқынды отбасылық алма бауы құрылды. Қосымша 17 гектар жерге бауға қажетті инфрақұрылымдық жүйелер енгізілді. Яғни, бау-бақша айналасында сорғы, сүзгілеу станциялары, коммуналдық ғимарат, жол, қоймалар, өткізу пункті, құдық және т.б. қарастырылған. Жобаның жалпы құны — 2 097,3 млн. теңгені құрайды.

Алма бағы жылына 4 500 тоннаға дейін өнім беруге қауқарлы. Бұл отбасылық бақтарда алманың Гала, Голден Делишес, Фуджи, Гренни, Смит сорттары M9 тамырына отырғызылған.
Интенсивті отбасылық бақтарға қажетті құрал-жабдықтармен қамтуды «DALA-FRUIT.KZ» ЖШС-гі жүзеге асырған. Бұл арада баға айырмашылығы емес, шетелден келетін өнімнің сапасы басты назарда. Өнімді дайындап қана қоймай, сонымен қатар, ұзақ мерзімге созылатын тасымалдауға да шыдау үшін әртүрлі химикаттар қолдану орын алады. Тауарға өң беру үшін немесе ұзақ сақтау үшін қолданылатын арнайы қоспалар баршылық. Соған байланысты қазіргі уақытта дүкен сөрелерінде немесе базарларда шетелдің тауарларына қызуғышылық артуда. Денсаулыққа, адам ағзасына кері әсерін ескеруге назар салу қажет. Басты мақсат бұқараның осыған байланысты көзін ашып, жол сілтеу. Осы мәселеге байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, отандық өнімдерді пайдалануды насихаттауымыз керек. Бизнес болғанымен, әрқайсымыз өз еліміздің патриоты болуымыз керек. Осыған дейін тауар тапшылығынан әрі мүмкіндіктердің аздығынан өнімді шетелдерден тасымалдау қажеттігі болғаны рас. Алайда, қазіргі уақытта ол жағдай түзеліп, отандық кәсіпкерлік және отандық тауар түсінігі пайда болды. Отанымыздың экономикасына үлес қосып, дамуына әрқайсымыз атсалысуымыз керек. Сол себепті, бірінші кезекте, патриот болуымыз керек, тек содан соң бизнес болғандықтан жұмысыңыз табыс та алып керуі қажет.
Айта кетейік, бұл жобалар Түркістан облысы инвестиция және экспорт басқармасына қарасты «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы жүзеге асырылып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *