Түркістан облысы: Түркістан индустриалдық аймағында шұбат зауыты салынбақ

Spread the love

Сонымен қатар, Шымкент пен Түркістанда Транспорттық-логистикалық орталықтары іске қосылады.  Сырдыӊ бойында 80 мыӊ гектар жаӊа суармалы жерлер қосылады. Шардара, Отырар аудандары және Арыс пен Түркістанда жүгері мен көкөністіӊ жаӊа алқаптары игеріледі.

Созақ, Бәйдібек аудандарында мал шаруашылығын дамытатын боламыз.

Түркістан индустриалдық аймағында шұбат зауыты салынбақ. Бұл — экспортқа бағытталған өндіріс.

Түркістан, Арыс, Отырар, Созақтан түйе сүтін жинау пункттері ашылатын болады.

Қой етін экспорттау бойынша жұмыстар қайта қолға алынды. Жақында қой етініӊ алғашқы партиясы Иран Республикасына жолданады.

Түркістан облысы  1991 жылы облыс бойынша 163,4 мыӊ тонна көкөніс жиналса, биылғы жылы 866 мыӊ тоннаға, яғни бес есеге артып отыр. Бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ басшысы Серік Тұрбеков мәлім етті.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *