Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің “орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің” оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Өлкемнің дара тұлғалары» бағыты бойынша әнші – сазгер, Әділбек Төлегенұлы Нысанбайдың 65 жыл толуына арналған «Ән тербеген Әділбек» атты еске алу сағаты өтті. Іс – шараның мақсаты сазгердің ғұмыр жолын, шығармашылығын тереңдетіп таныту, әндерін насихаттау, рухани тәрбие беруді дамыту. Аталған іс – шараға сазгердің замандас әріптестері, кітапхананың тұрақты оқырмандары, мектеп оқушылары, ұстаздар, білім бөлімінің қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты. Еске алу жиынын мекеме басшысы Сабыр Батырбеков ашып, сазгердің әріптесі, әрі құрдасы Бименов Дәулетқали, Сиябеков Бақтияр, ақын Айдарбеков Бәйділда, ақын Қарғабай Мақсат, тұрақты оқырман Алексеева Соня, білім бөлімінің қызметкері Қалманбаева Әмина және ұстаз Дәулеткелдіқызы Фатима сазгер туралы естеліктерімен бөлісіп, ұстаз Дина Есенгелдіқызы, әнші Мархаббат Бейсенова сазгердің әндерін орындады. Жиналған оқырман қауым «Созақтың Шәмшісі» атты Әділбек Нысанбаевтың өмір жолы туралы бейнероликті тамашалады. Әдемі де әсерлі кеш ән сүйер қауымның сазгердің «Бала ғашық» әнін бірге шырқаумен аяқталды.
Медиаон ақпарат
