ШЫМКЕНТТІК ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАУДА

Spread the love

 

Шымкент қаласында тұратын этнос өкілдері ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына дауыс беріп, өз таңдауларын жасауда.

Атап айтсақ, «Шымкент қалалық корей қауымдастығы» ҚБ төрайымы Роза Пак қаладағы №85 сайлау учаскесінде және №74 сайлау учаскесінде Шымкент қаласы «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Латипша Асанов мемлекетіміздің өмірінде ерекше маңызға ие сайлауға үн қосып, еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығы үшін дауыс берді. Сондай-ақ «Шымкент қаласы өзбек этномәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тахиржан Хакимбеков №195 сайлау учаскесінде болып, өз ұстанымын білдірді. Осылайша Шымкент қаласында тұратын барлық этностар бірлік пен татулықты танытуда.

— Сайлау — ел өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Бұл сайлауда халықтың артқан үміті биік, соған сәйкес белсенділігі өте жоғары. Жастар да ерекше атсалысуда, — дейді этнос өкілдері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *