Басты бет > Мәдениет > ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҚАЗАҚИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ДІНМЕН САБАҚТАСТЫҒЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҚАЗАҚИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ДІНМЕН САБАҚТАСТЫҒЫ

Елбасы Н.Ә.Назарбаев “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласында “Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтың ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні-бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана”-деп салт-дәстүрді жаңғырту, сақтау, қажеттігін баса айтты.  Осы орайда, бүгін қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бастамасымен тұрғындар арасындағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Қазақи құндылықтардың дінмен сабақтастығы жайлы тұрғындардың көзқарасы» тақырыбында фокус топтық зерттеу жүргізілді. Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталғы» КММ-нің Созақ аудандық бөлімінің теолог маманы Қ.Қосмаханов «Жат діни ағымнан сақтан» атты тақырыпта А.С.Макаренко атындағы жалпы орта мектеп оқушыларына дәстүрлі емес теріс діни бағытты ұстанушы топтардың қауіптілігінің алдын алу және дәстүрлі құндылықтарымызды насихаттау мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмысы өткізілді. Сонымен қатар ҚР 2011 жылы қабылданған Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңы бойынша қабылданған бірқатар мәселелерді түсіндіре келе діни бағыттағы кітаптарды тек қана арнайы рұқсат етілген мекен жайдан және арнайы дінтану сараптау комиссиясынан өткен кітаптарды ғана алуға кеңес берді. Халқымыздың салт-дәстүріне сіңіп кеткен  жоралғылардың ислам дінімен байланысатындығын нақты дәлелдермен түсіндіріп берді. Жиналыс соңынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.  Оған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы А.Сейдрахман, құқық қорғау органдары, қоғамдық кеңес және ардагерлер кеңесінің мүшелері, тарих, дінтану пәнінің мұғалімдері, мәдениет саласының қызметкерлері, дербес бөлімдердің қызметкерлері, мешіт имамы мен жастар қатысып, атсалысты. Шара барысында дәстүрлі рухани құндылықтарды жаңғырту жалпы халықты, жастарды теріс пиғылды ағымдардан құралы аясында сұрақтар қойылып, өзара пікір алмасулар өтті. Бұл бағыттағы, қоғамға қажетті мұндай игі іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Медиаон ақпарат