Басты бет > Мәдениет > Дәстүр және ғұрып – діндегі орны

Дәстүр және ғұрып – діндегі орны

Шура әл-Хаджира сүресінің 13-аятында: «Уа, адам баласы, шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйел адамнан, яғни Адам мен Хауа  анадан жараттық. Сондай-ақ, бір-бір­леріңді  тану  үшін сендерді ұлттар,  рулар қылдық. Шынында, Алланың  қасында ең ардақтыларың тақуаларың, яғни ақ пен қара нәсілдің ешқандай айырмашылығы жоқ. Артықшылығы  тек имандылығында, тақуалығында», – деп нұсқайды. Ал,  дәстүр және ғұрып деген сөздер де араб тілінен алынған сөз. Біздің лексикологиямызға енген терминдерді алып қарасақ, 30-40%, жалпы, білім,ғылымға арналған, адам­ның интеллектуалдылығын бағалайтын терминдердің барлығы араб тілінен енген. Зайлағи Кенжалиев:  – Мен бір  ой қоса кетейін. Қазақ пен арабтың көне сөздерінің түбі бір. Біздің қазақта Адам деген сөз қол­­данылады. Басқа халықтардың бәрінде басқаша айтылады. Ол, арабтың сөзі емес, қазақтың сөзі. Яғни, түбі бір сөздер арабқа да, қазаққа да ортақ десек шындыққа  жақы­нырақ келетін сияқтымыз. Арабтардан келді дегеннен гөрі, ортақ  сөздеріміз бар деген дұрыс  сияқты.  Ершат Оңғаров: –Жақсы, адам деген сөз ағылшын тілінде де – Адам. Оларда таласуы мүмкін. Бірақ,  басқа әңгіме.  Ортақ әңгімемізге келсек, әдет-ғұрып сөзі де Құ­раннан алынған. Қазақ тіліне бұл араб тілінен енген. Мысалы үшін,  Алла  Тағала «Аарат» сүресінің 199-аятында: «Ғафу жолы ұста, ғұрыппен әмір ет, надандардан теріс  айнал», – дейді. Бұл  жердегі  «урф» сөзі адамзатты осы белгілі бір мәдениеттің, халықтың ерек­­шелігін, замандар бойы қалыптасқан дағ­дыларын айтады. Ғұрф шариғаттың үкімін шығару үшін қолданылатын негізгі  категориялардың бірі. Бұл урф фарыз,  уәд­жіп, сүннет, мұстахаф, мубах, харам, макрух нормативтік шариғи актілерді белгі­лейтін категориялардың бірі.Ұрфтың өзі, яғни әдет-ғұрыптың өзі ақылға сүйену ар­қылы халықтың қалыптасқан жазылмаған қағидаларын көрсетеді. Мысалы, Аллах Тағала  Құран Кәрімде бес нәрсені харам  деп белгіледі. Олар өлексе, бауыздағанда ағатын  қара қан, доңыздың етін, сүзіліп  өлген,  буынып  өлген малды харам етті. Ал,  қалған  жыртқыштарды  пайғамбар қосымша  Алланың  әмірімен қосты.  Пайғамбар (с.ғ.с) жыртқыш аңдардың  етін жеуді  харам деп санады.  Сойдақ тістері  бар, тырнақтары бар, құстардан  мұрны  имек  болып келгендерінің  еті  харам  деді. Бірақ,піл секілді  айтылмаған және жыртқышқа жатпайтын аңдар бар ғой.

Медиаон ақпарат