Басты бет > Хабар > Түркістан облысының Жетісай ауданындағы  №2 БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНЕ БІР ЖЫЛ ТОЛДЫ!

Түркістан облысының Жетісай ауданындағы  №2 БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНЕ БІР ЖЫЛ ТОЛДЫ!

Жетісай ауданы Ш.Ділдабеков а/о-де еркін күрестен 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында  Жетісай ауданының №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ашылғанына 1жыл толуына орай ашық турнир болып өтті .Ашық турнирге Шымкент қаласынан  Мақтаарал және Жетісай  аудандарының командаларынан келген барлығы 110 ға жуық спортшылар қатысты.

Ашық турнирдің салтанатты  ашылу рәсіміне Жетісай ауданының әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков,  аудандық мәслихатының депутаты Марат Ділдәбеков, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев,Жетісай ауданының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры ҚР-на еңбегі сіңген жаттықтырушы спорт шебері құрметті спорт қайраткері Махмуд-Бақыт Жанбырбаев, аудандық №2 балалар мен жасөспірмдер спорт мектебінің директоры Еркінбай Мамасерипов және ауыл ақсақалдары қатысып сөз сөйлеп спорт мектебінің жұмыстарына  табыстар тіледі. Ашық турнирдің қортындысына келетін болсақ Жетісай ауданының №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары 4 алтын 3күміс, 7қола медальдарға қол жеткізіп командалық есепте 1 орынға иеленді.Атап айтар болсақ Бердібай Мирас 24кг І-орын, Қаржау Айдос 26кг І-орын, Наров Нұртай 38 кг І-орын,Жамал Бақберген +48 кг І-орын. Бердіқұл Асқар30кг ІІ-орын, Үсен Ерасыл +48 кг ІІ-орын, Сайлаубаев Сакен 38 кг ІІ-орын, Қаржау Бексапар +48кг ІІІ-орын, Әмірбек Дінмұхаммед 30 кг ІІІ-орын,Өрісбек Ерасыл 38 кг ІІІ-орын, Қанаев Бекжан 24 кг ІІІ-орын, Нақыш Ұлан 27 кг ІІІ-орын,Қыстаубек мағди 24 кг ІІІ-орын, Осы спортшыларды жаттықтырып жүрген Ерсін Аққұлы және Асанәлі Ходжаев.

Медиаон ақпарат