Басты бет > Білім (Page 20)

ОҚО ӨНДІРІСІНДЕ ҚАЗҰУ –ДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРЫ ЕНДІРІЛМЕК

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында ғылым және білім өкілдерінің қатысуымен «Ғылым-Білім-Өндіріс» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп, әкімдік пен университет арасында ынтымақтастық туралы меморандум түзілді. Жиынға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов пен аталған университет жанындағы 10 ғылым институтының ғалымдары, өңірдегі жоғарғы оқу орындарының ғалымдары мен өнеркәсіп саласының

Толығырақ

ОБЛЫСЫМЫЗДА МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРДІҢ 71 ПАЙЫЗЫ ҰБТ ТАПСЫРАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысында биыл 23 760 оқушы Ұлттық бірыңғай тест тапсырады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Раушан Ергашова мәлім етті. Оның айтуынша, ҰБТ облыста 16 жерде өткізіледі. Олардың төртеуі жоғары оқу орындарының базасында, үшеуі аудан орталықтарындағы колледждерде, тоғызы жалпы орта мектептердің базасында

Толығырақ

“Мирас” колледжі өз студенттерін күтеді!

    Оңтүстік Қазақстан "Мирас" экономикалық-технологиялық колледжі 2005 жылы - Мемлекеттік шектеусіз №0038223 лицензиясы бойынша өз жұмысын бастап, студенттерін оқыта бастады. Өңірімізге танымал оқу орындарының біріне айналды. Статистикаға сенсек, "Мирас" колледжіне түсушілер саны жыл санап артып келеді. Бұл колледж әкімшілігінің қарқынды жұмыс жасауының арқасында деп білеміз. Себебі оқу орны - 2008 ж. - ҚР БжҒМ қашықтықта

Толығырақ

Мемлекет басшысының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласы

  КІРІСПЕ Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңыз­ды екі процесі – саяси реформа мен эко­номи­калық жаңғыруды қолға алдық. (далее…)

Толығырақ

ДӘРІГЕРЛЕРІМІЗ ЖҮРЕК АУЫСТЫРА АЛАДЫ

Оңтүстік Қазақстанда бұрын соңды мүмкін болмаған жүрек оталары жасалды. Бұл туралы облыстық кардиология орталығында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев мәлімдеді. Онымен бірге Түркиядан арнайы келіп Шымкентте шеберлік сабағын өткізген Ыстамбұл қаласы ауруханасының бөлім меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Белхам Акпинар, кардиоорталықтың бас дәрігері, ғылым докторы Спандияр Бекжігітов баспасөз мәслихатын

Толығырақ

«Пікірсайыс – достық мекені»

Өздеріңізге белгілі, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» жергілікті телеарналардан арнайы жастар бағдарламасы ретінде «Пікірсайыс - достық мекені» атты теле – жобасын жүзеге асыруда.   Бүгін жастар арасында саяси сауаттылық пен ораторлық қабілеттілікті арттыру мақсатында және теле-жобаға қатысуға ниетті жастарды іріктеу мақсатында арнайы көрсетілім ойын өтті. Ойында 15 жылдық тарихы бар «Ақиқат» пікірсайыс орталығының

Толығырақ

100-ден астам ғалымдардың басын қосқан ғылыми конференция

Түркі жұртының рухани астанасы – Түркістан шаһарында «Түркістан және Түркология» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Түркологияның өзекті мәселелері ғылыми талқыға түскен алқалы жиынға алыс-жақын шетелдер мен қазақстандық 100-ден аса ғалымдар мен қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысты. Отырысқа модераторлық еткен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев бүгінгі ғылыми басқосу тілі, ділі, діні,

Толығырақ