Басты бет > Саясат > «Nur Otan» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалында партияға қабылдау шарасы өтті

«Nur Otan» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалында партияға қабылдау шарасы өтті

Шара барысында «Nur Otan» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының бірінші орынбасары Данияр Тілеубергенов 9 азаматқа партиялық билет табыстады.

Партиялық билетті алған азаматтардың қатарында Айбек атындағы №14 орта мектебінің мұғалімдері Насиба Хасанова, Хуршида Рашидова, Азиза Кадырова, Азада Ирискулова, Иброхимали Юнусов, Жанболат Кененбаев та бар. Сонымен қоса, «Стандарт цемент» зауытының заңгері Байкен Қалмырзаев, «Зиякон-Ана» бөбекжай бала-бақшасының меңгерушісі Эльмира Тезекбаева, Шымкент қалалық білім бөлімінің ғылыми-әдіскері Салтанат Утемисова партия мүшелігіне қабылданды.

– «Nur Otan» партиясының беделін арттыру мақсатында ауқымды істер қолға алынып, жүзеге асуда. Соның ішінде көмек сұрай келген халықтың мұң-мұқтажы, мәселесі шешіліп жатыр. Партия жұмысының басты бағыты осы десек те болады. Партия мүшелігіне қабылданған адамдардың барлығы әр саладағы үздіктер, сондықтан да ары қарай еліміздің өркендеуіне үлес қосасыздар деген сенімдемін. Баршаңызды құттықтаймын!»,- деді «Nur Otan» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының бірінші орынбасары Данияр Тілеубергенов.

Партияның мүшелігіне қабылданған №14 орта мектебінің мұғалімі Азиза Кадырова бұл жауапкершіліктің маңызды екенін айтып, алдағы уақытта партиямен бірге жұмыс жасайтынын айтты.

– «Партияға қабылданғаныма өте қуаныштымын! «Nur Otan» партиясына өтіп, партия билетін алдым. Еліміздің ең беделді, жетекші саяси партиясының қатарында болу – үлкен мәртебе. Партияның мүшесі ретінде елімізді қуатты мемлекеттің қатарына қосуға әрқашан атсалысамын»,- деді.

«Nur Otan» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалы қатарына 6049 адам бар, олар 11 бастауыш ұйымда топтасқан.

Медиаон ақпарат