Мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес, Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы болып Еркегали Амантайұлы Әлімқұлов тағайындалды. Еркеғали Амантайұлы үш ЖОО тәмамдаған: 2002 жылы М.Әуезов атаныдағы ОҚМУ «кеден ісі», 2005 жылы – М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ, заңгер, 2007 жылы – Алматы экономикалық университеті – экономист.
Еңбек жолын 2003 жылы ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің жетекші маманы болудан бастаған. ҚР Индустрия және сауда министрлігінде түрлі лауазымда жұмыс жасаған. Сондай-ақ, агенттікте Төраға орынбасары, кейіннен кеңесші қызметтерін атқарған. 2016 жылдан – 2017 жылдың ақпанына дейін ОҚО әкімі аппаратының басшысы болған. 2017 жылдан бүгінгі таңға дейін ҚР Парламент Мәжілісінің ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарған.
Медиаон ақпарат
