Басты бет > 2018 > Март (Page 4)

ҚАЗЫҒҰРТТАН БАСТАЛҒАН КЕРУЕН ОТЫРАР АУДАНЫНА ТАБАН ТІРЕДІ

     Күні кеше облыс жұртшылығы Ұлыстың ұлы күнін Қазығұрт ауданындағы тау бөктерінде "Наурыз Қазығұрттан басталады" іс-шарасымен атап өткені белгілі. 10 мыңнан аса халықтың қатысуымен тойланған  мерекеде ұлттық киім киген аталар мен әжелер, бозбалалар мен бойжеткендер түйе, жылқы жетектеп "Ұлы көш" Наурыз керуені қыр басынан алаңға бет алып, қалың елді

Толығырақ

Қазығұрттағы Наурызда бір мезетте мыңдаған адам көрісіп, төс қағысты

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында күллі түркінің ұлық мерекесі Ұлыстың ұлы күні ерекше өтті. Тіршілік, өмір бастау алған аңыз бойынша Нұқ пайғамбардың кемесі тоқтаған Қазығұрт тауының баурайында тойланды. Наурызды асыға күткен жұрт жүздесіп, мәз-мейрам болысты. Күн мен түннің теңеліп, елдің қуанышқа кенелетін мерекеде 40 шақты киіз тігіліп, 700-ге жуық жәдігерлерден көрме

Толығырақ

Оңтүстікте әз-Наурыз Шымкентте жалғасты

Бүгін Оңтүстік жұрты Ұлыстың ұлы күнін Шымкент қаласында атап өтті. Бұл күнгі мерекенің ерекшелігі – жаңа арбаттың ашылуынан басталды. Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев шаһар тұрғындарын жаңа демалыс орнының ашылуымен құттықтады. (далее…)

Толығырақ

Қазығұрттағы Наурызда 500 атпен флэшмоб жасалды

Оңтүстік Қазақстан облысында биыл Наурыз мерекесі ерекше аталып өтілді. Күллі тіршілік, өмір бастау алған Нұх пайғамбардың кемесі қалған қасиетті Қазығұрт тауының баурайында өтті. Түрлі қойылымдар мен концерттер ел мерейін үстем етті. (далее…)

Толығырақ

ОҚО әкімі Қазығұртта «Зорлық-зомбылықсыз – Оңтүстік» акциясын жариялады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев «Наурыз Қазығұрттан басталады» мерекесінде өңірдегі зиялы қауым өкілдері және ардагерлердің басын қосып арнайы жиын өткізді. Ондағы мақсат – ел ішіндегі түрлі оқиғалардың себеп салдарын талқылап, олқылықтарды болдырмаудың жолдарын ақылдасу. Басқосуға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, зиялы қауым өкілдері, облыстық, қалалық және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалары

Толығырақ

Оңтүстікте Ұлыстың ұлы күні киелі Қазығұрттан басталды

Оңтүстік Қазақстан облысы Ұлыстың ұлы күні - әз Наурыз мерекесін ерекше сән-салтанатпен бастады. «Наурыз Қазығұрттан басталады» деген атпен шара биыл алғаш рет 1500-ге жуық өнерпаздың, мыңдаған өңір тұрғындарының қатысуымен Қазығұрт ауданы, Атбұлақ ауылындағы Қазығұрт тауының бөктерінде  ұйымдастырылды.  (далее…)

Толығырақ

Қазығұртта Кемеқалған нысанының қазығы қағылды

        Оңтүстікқазақстандықтар Ұлыстың ұлы күні - әз Наурыз мерекесін ерекше атап өтті. Алдымен Қазығұрт тауының баурайындағы қасиетті шыңдағы Кемеқалған нысанының қазығы қағылды. Алдағы уақытта төменнен Кемеқалған нысанына апаратын жалпы ұзындығы 3,1 шақырымдық канат жолы мен 4 шақырымдық жаяу жүргіншілер жолының құрылысы жүргізілетін болады.  Сондай-ақ, ұлттық ат спорты ойындарын

Толығырақ

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ ХИКМЕТТЕРІНІҢ ТҮПНҰСҚАСЫ ТАБЫЛДЫ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне Түркия Республикасы, Стамбул қаласынан ясауитанушы ғалым, Қожа Ахмет Ясауидің 27-ші ұрпағы,  «Yesevi ocaklari» журналының бас редакторы Исметулла Ясауи келді. (далее…)

Толығырақ

ОҚО-дағы мемлекеттік орман қоры 3,5 млн. гектарға жуықтады

Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік орман қоры 3 млн. 439 мың 800 гектарды құрады. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасы Бақытжан Қырықбай мәлім етті. Оның айтуынша, облыстағы орман шаруашылығы мекемелерінде барлығы 13986,4 гектарға орман молайту жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде

Толығырақ

ОҚО депутаттары Түлкібас ауданын  Түркібасы деп атауды қолдады

Талай тұлғалар түлеп ұшқан киелі мекен Түлкібас ауданының атауын  «Түркібасы» деп өзгерту туралы ұсыныс дер кезінде көтеріліп отыр. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өңіріміздегі жер, су аттары тарихи атауларына қайта қол жеткізіп келеді. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.  Бүгін бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті ХІ сессиясында

Толығырақ