2019 жылдың 22 қарашасы күні «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде кезекті қоғамдық қабылдау өткізіліп, бірнеше мәселелер қаралды. Қоғамдық қабылдауға Нұранов Асланбек Тұрабекұлы – «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары; Монтаев Талғат Оралұлы – Түлкібас ауданы прокурорының орынбасары; Майлыбаев Сапарбек Қасымұлы – АІІБ басшысы; Утелбаева Сагира Пернебековна – Аудандық әділет басқармасының заңгері; Әміров Айбек Пірімжанұлы – «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалының эксперті қатысып, өтініш иелерін тыңдады. Қабылдауда бірнеше мәселелер қаралды, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек, мемлекет тарапынан берілетін тұрғын үй, бала тегін құжаттандыру, ішкі істер бөліміне қатысты, жұмысқа орналасуға арналған 3 айлық оқу курстары бойынша сұрақтар көтерілді. Әр бір келіп түскен өтініштің оң шешімінің табылуына ықпалын етіп, «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалы алдағы уақытта да мемлекеттік мекемелер, бизнес-қауымдастықтары, үкіметтік емес ұйымдармен, соның ішінде тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық мекемелерімен бірлесіп азаматтардың мұқтаждықтарын шешуге дайын екендігін көрсетті. Сондай-ақ медиатор жеке қабылдау өткізді. “Nur Otan” партиясы Түлкібас аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қазақстан медиаторлары палатасының Түлкібас аудандық аға медиаторы Тлеубеков Сакен Тлеубекович түрлі мәселелермен келген азаматтарды жеке қабылдап, заң аясында кеңестерін берді. Бұл қабылдаулар ары қарай жалғасатын болады.
Медиаон ақпарат
