Басты бет > 2017 > Ноябрь (Page 2)

Жастар арасында қылмыс азайып келеді

Оңтүстік Қазақстан облысында жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық көрсеткіші 2017 жылы өткен жылға қарағанда 307-ге азайған. Бұл облыс көлемінде жүзеге асырылып жатқан «Жас сақшы» және «Жас полиция көмекшілері», «Айбын» жобалары мен мекенжайлық көмек көрсету жұмыстарының нәтижесі. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы

Толығырақ

Созақ ауданында шағын футбол алаңы ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Шолаққорған елді мекенінде 1 желтоқсан Тұңғыш Президент мерекесі күні қарсаңында шағын футбол алаңы пайдалануға берілді. Спорт алаңының ашылу салтанатында сөз алған   аудан әкімі Салыхан Полатов Елбасымыздың халықтың дене шынықтырумен және спортпен жаппай айналысуы үшін спорттық инфрақұрылымдардың қолжетімділігін кеңейту тапсырмасының кезең-кезеңмен орындалып отырғанын жеткізді. (далее…)

Толығырақ

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Ордабасылықтар баспанамен және ауыз сумен қамтылды

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында Ордабасы ауданының орталығында екі пәтерлі 14 коммуналды тұрғын үй тапсырылды. Ордабасылықтарға тұрғын үйлерді беру салтанатты шарасына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысты. Аймақ басшысы аудан орталығы – Темірлан ауылында «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы аясында облыстық бюджет есебінен салынған тұрғын

Толығырақ

Ж.Түймебаев:  Үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік кәсіпкерлікті арттыруға күш салуы тиіс

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының  әкімі Ж. Түймебаев  өңірдегі  қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, алқалы жиын өткізді. Жиынға облыс, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары,  облыстық басқарма, бизнес-құрылым және коммерциялық ұйымдар басшылары, аудан, қалалардағы үкіметтік емес ұйым басшылары мен облыстық қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.  Жиынды Оңтүстік Қазақстан облысының  әкімі Ж. Түймебаев  жүргізіп отырды. (далее…)

Толығырақ

ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаевқа — біздің басшымыз Малика Абдалиева журналистік сауал жолдады!

Біз, Сіздің облыс басшысы ретінде Ақпарат құралдарын мұқият бақылап, елдің көкейтесті мәселелеріне құлақ түріп, проблемаларды шешу бойынша өз командаңызбен бірге тиісті жұмыстар жүргізіп отырғаныңызға шүбә келтірмейміз. Бірақ, мына мәселе бойынша ауданнан шығып, облыстық деңгейде, одан республикалық БАҚ беттерінде жарық көріп, былықтардың беті ашылып жатса да қарапайым халықтың жан айқайына қарай

Толығырақ

ОҚО әкімдігі мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері»  арасында меморандумға қол қойылды

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы мен аймақтағы білім саласының басшыларымен кездесті. Басқосу мақсаты – аталған оқу орнының озық педагогикалық тәжірибелерін өзге мектептерге тарату, аймақтағы инновациялық білім берудің сапасын арттыру. Кездесу барысында өңір басшысы бүгінгі таңда елімізде білім беру жүйесінің жаңа бағытқа бет

Толығырақ

ОҚО әкімі штабтық оқу-жаттығудың барысымен танысты

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев ОҚО Ішкі істер департаментінің базасында болып, ондағы өтіп жатқан республикалық штабтық оқу-жаттығудың барысымен танысты. Облыс әкіміне Ішкі істер органының дайындығы мен қабілеттілік деңгейі және материалдық-техникалық базасы көрсетілді. Құқық қорғау саласының қызметкерлерімен тілдескен аймақ басшысы ішкі істер органының жұмысы заманауи техникамен қамтамасыз етілгенінде емес, мамандардың кәсібилігімен анықталатынын

Толығырақ

Он айда 7 млн. қызмет электронды түрде көрсетілген

Оңтүстік Қазақстан облысында 2017 жылдың 10 айында 16 млн 400 мыңнан астам қызмет көрсетілсе, соның 7 миллионы электронды түрде ұсынылыпты. Бұл туралы әкімдіктің селекторлық отырысында облыс әкімінің аппарат басшысының орынбасары Қанат Төлендиев мәлім етті. Қазіргі таңда облыстық жергілікті атқарушы органдар тарапынан 192 қызмет түрі көрсетіледі. Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы

Толығырақ

Оңтүстік Қазақстан облысының мұғалімдері кәсіби бағдардың қыр-сырларымен тереңірек танысты

  24 қараша күні Шымкент қаласында «Өмірлік таңдау» республикалық жобасының аясында жұмысшы мамандықтарды дәріптеу бойынша мұғалімдерге арналған тренинг сабақтары жүргізілді. «Өмірлік таңдау» - бұл қазақстандық оқушылар арасында жұмысшы мамандықтарды тереңірек таныстыруға бағытталған жоба. Оның басты мақсаты – орта мектептің оқушылары мен олардың ата аналарына мамандық таңдағанда дұрыс көзқарастың маңыздылығын түсіндіру. Тренингтерді жүргізудегі басты

Толығырақ

«Ескі қаланың» ертеңі елес емес!

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Шымкент қаласындағы «Ескі қалашық» аумағындағы жүрзіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстарымен танысты. Қалашықтағы қазба жұмыстарын «Археологиялық сараптама» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Қазір мұнда археологиялық қазба жұмыстарының бірінші кезеңі басталған. Аумағы 1000 шаршы метр болатын жерасты қаласын аршыған археолог-ғалымдар көптеген

Толығырақ