Жер қойнауын пайдалану саласы бойынша:
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің 25 бабы 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес, елді мекендер жерлерінің аумағында және оларға бір мың метр қашықтықта іргелес жатқан аумақтарда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізуге тыйым салынған.
Жер қойнауын пайдаланушылармен есеп қолданыстан шығарылған заңға сәйкес тоқсан сайын ұсынылып отырған. Ал, қазіргі қолданыстағы жаңа кодекстің талаптарына сай, есеп жылына бір рет ұсынылып отырады. Осыған байланысты, жер қойнауын пайдаланушылар ағымдағы жұмыстарының көрсеткіштерін ұсынбауда. Нәтижесі бойынша, бүгінгі таңда 6 жер қойнауын пайдаланушы («Шымкент Тас» ЖШС, «Хаджи-К» ЖШС, Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС, «Арслан» ЖШС, Ұйымшыл Құрылыс» ЖШС, «СПК Шымкент» АҚ) мекемелермен келісім шарттары мерзімінен бұрын тоқтатылды (келісім-шарт міндеттемелерінің орындалуы бойынша есеп тапсырылмаған, өңірдің әлеуметтік саласына төленетін қаржы мен салықтар төленбеген).
Қазіргі таңда, Шымкент қаласының аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін 32 жер қойнауын пайдаланушылар жұмыс атқаруда.
Басқарма тарапынан келісімшарт міндеттемелерін орындамаған (тиісті төлемдерді жасамаған, есебін тапсырмаған) 20 жер қойнауын пайдаланушыға ескертпе хаттар берілді.
Бүгінде өңірдің әлеуметтік саласына қарызы бар 14 жер қойнауын пайдаланушының ішінде 10 жер қойнауын пайдаланушылардан 77,2 млн.теңге қалалық бюджетке өндірілді. Ал, қалған 4 жер қойнауын пайдаланушылардың (34,7 млн. теңге) қарыздарын мәжбүрлеп төлету талап-арыздар дайындалып сот органдарына өткізілді.
Экология саласы бойынша:
ҚР Экологиялық кодексінің 20 бабына сәйкес басқарма өз құзыретi шегiнде II, III және IV санат объектiлерiнiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасын жүргiзедi және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар береді.
2019 жылдың 9 ай ішінде 501 қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат және 73 мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы берілген. Шымкент қаласы бойынша 2019 жылға қоршаған ортаға салық эмиссия үшiн жылдық төлемдер 650,0 млн.теңгеге жоспарланып, 9 айында нақты өндірілген төлемдер 685,072 млн.теңгені құрап, жылдық жоспар 105,4 пайызға орындалған.
Шымкент қаласы бойынша Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу үшін 2018 жылы қалалық бюджеттен 93,907 млн.теңгеге ұсыныс берілген. Алайда, аталған жұмыстар үшін ағымдағы жылдың мамыр айында 2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджетті нақтылау кезінде тек 40,409 млн.теңге бөлінген.
Басқармаға қарасты мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындар:
I. «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
Мекеме қала аумағындағы 4331,4 гектар мемлекеттік орман қорын, Тассай мөлтек ауманындағы 16,8 га «Шымсая» шатқалын және 976,3 га жасыл аймақ жерлерінде орман ағаштарын қорғау, молайту жұмыстарын атқарып келеді. 2019 жылға мекемеге бөлінген қаржы соммасы 184 048,0 мың теңге.9 айдың қорытындысы бойынша игерілген сомма 113 543,0 мың теңге.
ІІ. «Асанбай Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны:
2019 жылға мекемеге бөлінген бюджеттік соммасы 202 669,0 мың теңге, 9 айдың қорытындысы бойынша игерілген сомма 136 267,0 мың теңге. Мекемеде 188 штаттық бірлік бекітілген, оның ішінде Орталық учаскесінде – 155, Қошқар-ата учаскесінде – 33.Саябақтың көлемі – 117,04 га. Қазіргі таңда саябақта ағаш-бұта өсімдіктерінің 261-ге жуық түрі, 100 000-нан аса ағаш-бұталар бар. Тұқымбақта 5801 түп көшет өсірілуде.
Шымкент қаласы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы баспасөз брифингін өткізді
