Басты бет > Саясат > ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС:​ ФРАКЦИЯ МҮШЕСІ АЗАМАТТАРҒА ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ.

ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС:​ ФРАКЦИЯ МҮШЕСІ АЗАМАТТАРҒА ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ.

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының бекіткен кестесіне сәйкес, аудандық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясының фракция мүшесі Рахматулла Сұлтанов Біртілек ауылдық округі, №10 «Игілік» жалпы орта мектебінің мәжіліс залында «Игілік» ауылының тұрғындарымен кездесу жиынын ​ өткізді.

ЖиындыБіртілек ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Т.Ержанов ашып, жүргізіп отырды.

Р.Сұлтанов Біртілек ауылдық округі аумағында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға (ауыз су, табиғи газ, жол жөндеу) тоқталып, ауыл тұрғындарының өтініш-ұсыныстарын тыңдап алдағы уақытта шешімін табу бойынша тиісті мекемелерге жеткізіп шешу мақсатында арнайы кездесуге келіп отырғанын жеткізді.

Игілік ауылының тұрғыны Райымбек Әлімбаев мембрандық су жүйесі бойынша тұрғындарға ауыз су жетіпсейтіндігін, сол үшін топтастырылған су жүйесін жүргізуді, Димитров ауылының биі Атабек Нұрмышев ​ ауылға газ жүйесінің құрылысы біткенін, дегенмен газ беру мәселесі шешілмей тұрғанын, Шұқырсай ауылының биі Яндашбай Абдикаримов мектеп салу ​ және тұрғындардың жерлерді заңсыз қоршап алу мәселелерін көтерді.

Р.Сұлтанов өз кезегінде Шұқырсай ауылынан мектеп салу аудан әкімдігінің жоспарында бар екенін, заңсыз жер қоршау бойынша тиісті акт түзілгенін, айыппұл салынатынын, ауыз су кіргізу мәселесі мен газ беру мәселесін аудан әкімдігі алдында көтеретінін жеткізсе, ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Т.Ержанов мәселелерді шешу бойынша тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.

Медиаон ақпарат