Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылындағы аудандық мәдениет сарайында Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай “Мемлекеттік тіл-мәңгілік елдің мәңгілік тілі”атты фестиваль болып өтті.Фестивальде аудан әкімінің орынбасары Ж.Бектаева фестивальге қатысушыларды құттықтап, мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосқан бір топ тіл жанашырларын аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Фестивальде аудандағы түрік, өзбек, славян мәдени орталықтарының төрағалары Ж.Абилов,М.Махсудов,С.Жабина сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды.
Тіл фестивалі барысында аудан өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті.
Медиаон ақпарат
Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметі көмегімен
