Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов Президент жарлығына сәйкес, аудан тұрғындары алдында 2019 жылы атқарылған жұмыстар бойынша өз есебін баяндады.
Есеп беру жиынына құзырлы орган басшылары, ауданның зиялы қауым өкілдері және аудан белсенділері, ардагерлер кеңесі мен тұрғындар қатысты.
2019 жылы атқарылған жұмыстарға есеп берген А.Әліқұлов аудан аумағы бойынша 47,202 тұрғын үйдің 38,142 (80,8%) тұрғын үй тәулік бойы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Аудан аумағында жалпы 47,202 тұрғын үйден 38,142 (80,8%) үй қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің балансында, 9,060 (19,2%) үй жекеменшік электр трансформаторлары арқылы электр жарығын пайдалануда.
Санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында аудан территориясы 10 аумаққа бөлініп, оған аудан әкімі аппаратының жауапты мамандары бекітілген.
Көп қабатты тұрғын үйлерге 4 сервистік мекеме қызмет көрсетуде. Осы мекемелер тарапынан кіреберістер мен баспалдақтар тазалау, жер төледегі жиналған суды шығару, үй ауласын тазалау,жұмыстары тұрақты түрде атқарылып келеді.
Қазіргі таңда Қаратау ауданында орналасқан 139 көп қабатты тұрғын үй аулаларына заманауи үлгідегі сапалы балалар ойын алаңдары және спорттық жаттығу тренажерлары мен 19 ашық спорт алаңшаларын орнату және күтіп ұстау жұмыстарын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Бай-Болашақ» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, «Самұрық траст» корпоративтік қорының демеушілігімен Мирас шағынауданындағы бос жер теліміне әмбебеп балалар ойын алаңшасы мен спорт алаңшасы салынды.
Аудандағы өткен жылғы атқарылған жұмыстар, өткізілген игі іс-шаралар мен алдағы жоспарларды баяндаған аудан
әкімі – А.Әліқұлов есебіне келген аудан тұрғындары мен Шымкент қаласының мәслиxат депутаттары оң бағасын беріп, аудан басшысының жұмысына көңілдері толған аудан тұрғындары әкімге сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Медиаон ақпарат
