Шырайлы Шымкент қаласында Елбасының «Рухани Жаңғыру», бағдарламасы аясында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына сәйкес, қосымша 6 жоба бойынша іс-шаралар өткізілуде.
Атап айтқанда, «Архив-2025» жобасы, «Ұлы даланың Ұлы есімдері», «Түркі әлемінің генезисі», «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейі»,«Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы», «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі».
Бұл жобалар аясында 90-нан астам іс-шаралар ұйымдастырылды.Тарихи-мәдени мұраларымызды насихаттап, жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында «Шымкент қаласының киелі орындары», қаланың туристік әлеуеті, қала бренді т.б. бейнероликтер түсіріліп, қоғам назарына ұсынылды.
Шымкент қаласындағы шығармашылық ұжымдардың шетелдердегі гастрольдік қызметін ұйымдастыру мақсатында Шымкент қаласының орыс драма театры 2019 жылы Ресей Федерациясының Санкт-Петербург, Таганрог және Татарстан Республикасының Казань қаласына іссапарын жоспарлауда.
Сонымен қатар, Шымкент циркінің Қытай Халық Республикасы мен Қырғыз еліне гастрольдік сапары ұйымдастырылды.
2019 жылы Ж.Шанин атындағы қазақ академиялық драма театрының, Шымкент орыс драма театрының, өзбек драма театрының, опера және балет театрының шетелдік шығармашылық ұжымдарымен меморандум түзіліп, шығармашылық ұжымдардың гастрольдік сапарын ұйымдастыру жоспарланып отыр.«Әдеби өлкетану» жобасы аясында қала тұрғындарының қатысуымен түрлі форматтағы 51 іс-шара(байқау, кездесулер, айтыс, «ашық сабақтар», насихаттау, ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған шаралар, конференциялар мен семинарлар) өткізілді.
Желілік кестеге сәйкес, алғашқы 4 айда қала мектептері мен тұрғындар арасында 100-ден астам іс-шаралар ұйымдастырылып, оған 22 мыңнан астам адам қамтылды.
Медиаон ақпарат
